| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 
 Егіншілік саласында
өзіндік дәстүрі бар Шиелі ауданында аптаның жұмасы күні биылғы күріш орағы
басталды. Үстіміздегі жылы аудан диқандары 24 мың гектардың үстінде екпелі
дақылдарды орналастырса, оның 8600 гектары күріш алқабы. Осындағы ірі шаруашылық
құрылымдарының бірі – «Төңкеріс» шаруа қожалығы мың гектарға таяу Сыр
маржанын орналастырса, соның №1 бригадасы 430 гектар күрішке иелік
етуде. Осы Бауыржан Көпеев басшылық жасайтын бригаданың озат механизаторлары
жаткашы – Еркебұлан Әбілпанов, Қайрат Жақсылықов және Мархаббат Әзизов, Әділ
Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады.

Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады. Егін орағының басталу салтанатында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, аудан диқандарына сәттілік тіледі. Алдағы уақыттарда егіншілік мәдениетін арттыру жолында тың ізденістердің қолға алынатындығын айтқан әкім ауданның қазіргі даму барысына да тоқталып өтті. Жиын барысында Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева апамыз ақ батасын берсе, ауыл ақсақалдары да өз тілектестіктерін білдірді.
Жиын-терімге кіріскен механизаторлар мен диқандарға аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері тамаша концерт тарту етіп, көңіл күйлерін көтерді.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |