« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Мәселен, алдағы уақытта ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі өседі деген болжам бар. Көктемде 161 мың гектардан астам жерге ауылшаруашылық дақылдары егілгені белгілі. Оның 81 мың гектарынан астамына негізгі дақыл – күріш орналастырылған. Былтырғымен салыстырғанда, егіс көлемі едәуір ұлғайды. Оған қоса, күрішшілерге субсидия жағынан көмек көрсетіліп отыр.
Мал шаруашылығындағы ірі қара мен уақ мал басының артуы байқалады. Сегіз айда 19 тоннаға жуық ет, 50 мың тоннадан астам сүт өндірілген. «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Аймақта тауарларының бағасы базардағыдан төмен әлеуметтік сауда қатарларын ұйымдастыру қолға алынған. Ірі тауар тасымалдаушылар бағаны өсірмеу тұрғысындағы меморандумдарға қол қоюда.
Қазір халықты бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасының өсуі алаңдатып отыр. Дегенмен, облыста күріш, бірінші сұрыпты ұн, өсімдік майы, сүт өнімдерінің бағасы республикалық орташа бағамен салыстырғанда біршама төмен.
Жаңа нысандардың ашылуы 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының құрылуына негіз болады. Бұл жұмыссыздық көрсеткішін төмендетуге ықпал етеді.
Өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі төмендеп отыр. Бұл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының аяқталуымен байланысты.
Қалыптасқан жағдай облыс экономикасын әртараптандыруды, өңдеу өнеркәсібін дамытуды, инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуді талап етеді.
Бүгінде республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 40 білім, 20 медицина, 11 мәдениет, 5 спорт нысандары салынуда. Оған қоса, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да құрылыс қарқынына үлес қосып отыр. Сырдария өзеніндегі көпір мен Қорқыт ата әуежайының терминалы сияқты ірі нысандар инвестиция мен құрылыс саласындағы көрсеткіштердің оңалуына септігін тигізері анық.
Облыс бюджеті толықтырулар есебінен 213 млрд. теңгеге жетті. Бұрынғысынша бюджеттің әлеуметтік басым сипаты сақталуда. Біздің өңір салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдер бойынша алдыңғы қатардан көрінуде.
Хабарлама барысында аудандардағы шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мәселесі айтылды. Аграрлық саланың әлеуетін көтеру, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа кәсіпорындар ашуда ұйымдастырушылық жұмыстарын еселей түсу керек.
Мәжілісте сөз алған облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев облыс бюджетінің кірісі өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 2,5 есеге артқанын, бұл бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Басқосуда күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |