ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЫ

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы – Конституция. Тәуелсіз даму жолына түскен елімізді биіктерге бастайтын Ата Заңымыз мемлекеттік құрылымды дәйекті түрде анықтап, Президенттік басқару үлгісін бекітіп берді. Барлық заңдар мен заңнамалардың бастауы болып табылатын құнды құжат – Қазақстан Республикасының қалыптасу жолындағы қиындықтарды еңсеруге ғана емес, халықаралық-құқықтық беделін күшейтуге мүмкіндік беріп, ең басты құндылығы адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарына кепіл болды.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 918 0

АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА

Жуырда қалалық мәдениет және демалыс паркінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай "Абай – дана, Абай –дара қазақта!” атты әдеби оқу кеші болып өтті. Шараны №4, №16, №18 кітапханасының ұжымы ұйымдастырды.
ӘДЕБИЕТ 30 тамыз 2014 г. 2 169 0

МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

30 тамыз ел тарихындағы маңызды күндердің бірі. Себебі, қазақ елінің құқықтық өмірінде 1995 жылы дәл осы күні жаңа Ата Заң қабылданды. Бүгінде мемлекеттік құры­лымды айқындайтын бұл құжатқа 19 жыл толып отыр.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 810 0

Бір шаңырақ аясында

Қазақ жерін мекен етуші әрбір ұлт өкілі Қазақстанмен мақтана алады. Өйткені, біздің мемлекетте олардың өзінің ана тілін үйрену мен дамыту үшін барынша жағдай жасалған. Сондай-ақ нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, наным-сеніміне байланысты кемсітуге тыйым салынған. Бұл заң тұрғысынан алып қарағанда. Жалпы Қазақстан халқы арасындағы бірнеше ғасырлар бойы тамырын жайған өзара бауырмалдық, кеңпейілділік Конституция баптарына сызат түсірген емес. Айталық, Сыр өңірінің өзінде ондаған ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы ұлттардың әрбірінің тілі мен ділін, салт-дәстүрін ұстануы мен дамытуына ешқандай кедергі жоқ деп сеніммен айта аламын.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 279 0

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 862 0

ЖАЗАЛАУДЫҢ ӘДІЛДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Қылмыстық-атқару кодексінің жа­ңа редакциясы Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 «Мемлекет бас­шысының 2012 жылғы 14 жел­тоқсандағы «Қазақстан-2050» стра­те­гиясы: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру іс-шаралары негізінде жал­пы­ұлттық жоспарының 75-тармағын орындау бойынша әзірленген.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 193 0

«ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ

Саламатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған басты мәселе екені белгілі. Осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастыру қолға алынған. Сондай ауқымды шараның бірі жаңа оқу жылының алғашқы аптасында өткізіледі деп жоспарлануда.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 1 056 0

НАСЫБАЙДЫҢ НАСТЫҒЫНА НАНЫҢЫЗ

Нас-бай. Аты айтып тұрғанындай, нас, лас затқа бай дүние. Алайда, ол біреулер үшін құмар қандырып жүрген құнды дүние болып тұр бұл күнде. Бағасы да қолжетімді. Әсіресе, соңғы уақытта жасөспірімдер мен жастар үшін құмар қандырудың ең тиімді әдісі болып тұрғаны жасырын емес. Әрине, күл-қоқыстың, саңғырық, қидың болымды бағасы болушы ма еді? Ол тек табак жапырағының езіндісі ғана емес, оның әсерін арттыру үшін бірнеше қоспалар қосылады. Мысалы, әк сығындысы, қой құмалағы немесе тауық саңғырығы, өсімдіктердің күлі сынды бірнеше адам ағзасына өте зиянды қоқыстардың жиынтығы бар.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 796 0

САРЫ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жуырда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні” тағы бір рет ойлан” тақырыбында "дөңгелек үстел” отырысы өтті.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 3 077 0

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ САЛАМАТТЫ ӨМІРГЕ БАСТАЙДЫ

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында профилактикалық медицинаға басымдық берілгені белгілі. Яғни, тұрғындар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мәселесіне мемлекеттік деңгейде назар аударылып отыр. Бұл бағытта республика көлемінде сан түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Сондай шараның бірі елімізді түгел қамтитын «Денсаулық фестивалі» акциясы.Биыл да дәстүрлі жалғасын табатын шара жайында жан-жақты білу әрі тұрғындарды құлақтандыру мақсатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметов мырзаны әңгімеге тартқан едік.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 458 0