АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА

Жуырда қалалық мәдениет және демалыс паркінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай "Абай – дана, Абай –дара қазақта!” атты әдеби оқу кеші болып өтті. Шараны №4, №16, №18 кітапханасының ұжымы ұйымдастырды.

Жиынның негізгі мақсаты – көпшіліктің кітап оқуға деген ынта-ықыласын арттырып, дана Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау болып табылды.

КештіАбай оқуларының жеңімпазы Әйгерім Қарсақбаева ашса, кітапхананың жас оқырмандары Жалал Бахадиров, Шаттық Нұрмахан, Руслан Бегалы, Арайлым Әбутәліп ақын өлеңдерін оқыды.

Сондай-ақ, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру негізінде "Абайды оқы – таңырқа!” деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда түрлі жанрдағы әдебиеттер де көрініс тапты.

Шараны қорытындылаған кітапхананың аға әдіскері Райхан Сисекеева, кештің маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті. Және де мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп келе жатқандығын жеткізе келе, алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

ӘДЕБИЕТ 30 тамыз 2014 г. 2 114 0