« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Насыбай – құрамында есірткі бар алконас тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалатын, құмарлық үшін тұтынылатын зат. Негізінен үй жағдайында жасалады. Оны пайдалану адам ағзасындағы жасушалардың қалыпты жағдайын бұзады. Яғни, арзан қол заттың залалы зор. Қырғыз дәрігерлерінің зерттеуі бойынша насыбайдың ішкі секреция бездерін қабындырып, ерлерді белсіздікке ұшырататыны анықталған. Насыбайды ерін, тіл астына ататындықтан, ауыз қуысы мен көмей обыры пайда болады. Әсері бірден миға шабатындықтан ми тамырларының қысылуы салдарынан инсульт және инфаркт болу қаупі басым. Оған қоса, құрамындағы әкті ауыз қуысы сілекейі арқылы жұтатындықтан оны тұтынушылар гастрит, асқазан жарасы ауруларына жиі шалдығады. Насыбайға қосылған ауыр металдардың салдарынан адамның бүйрек және бауыры да уланады. Әрине, мұның бәрі бірден байқалмайтыны анық, әйтсе де жегі құрт сынды араға жылдар сала отырып, сеспей қатыратыны белгілі.
Жалпы, темекі мен насыбай – наркологиялық заттарға тәуелділіктің басы. Жастайынан шылым мен насыбайға әуестенген жанның өсе келе организмі одан да жоғары құмарлықты қандырар зат іздейді. Осылайша көзге ілінбес жат әрекеттен бастау алған әдет соңы індетке апарып соғуы әбден мүмкін. Сонымен бірге насыбайға әуестене бастаған жеткіншектің психологиясында да ауытқулар байқалатынын ескерген жөн. Насыбайға әуестенген адам тазалықтан да тыс қалады. Аузынан жағымсыз иіс шығып, тістері көгеріп, ажырайды. Жат қылыққа бой алдырған балалардың араласатын ортасы да өзгереді. Теріс қылықты таныстары артады.
Жастар насыбайдың зиян екенін біледі, алайда құмарлықты құрықтай алмайды. Бірақ, жігерін жанып, қайратын қамшыласа жат әдеттен арылуына болады. Ең дұрысы, жеткіншектерімізді осы жат, зиянды әдеттен аулақ ұстап, қауіптің алдын алу.
Жамила Махмұтова,
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Темекіге қарсы күрес» бөлімінің маманы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |