« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан мәңгілік елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – негізгі заңға құрметпен қарау.
Еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдары қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға да өз үлесін қосуда. Конституциямен белгіленген міндеттердің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында күші бар заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын, қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзушылықтардың жіберілмеуін, заңдылықтардың дәлме-дәл бірыңғай орындалуын бақылап, сот шешімдері мен қаулыларының әділдігіне ықпал ету жұмыстарын жүргізіп келеді. Ең алдымен адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты мен міндеті болып табылады. Осы бағытта Қызылорда облыстық прокуратурасы заңдылықтың сақталуы мен тәртіптің нығаюы, азаматтар құқығының бұзылмауына жол бермеу бағытында бірқатар іс-шараларды атқарып, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, экологиялық заңнамалардың сақталуы, кәмелетке толмағандар мен жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалуына баса назар аударылды.
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей, бүгінгі күні елімізде жастар мен жасөспірімдердің білім алып, тәрбиеленуіне бағытталған көптеген игі шаралар қолға алынған. 2014 жылдың 6 айында прокуратура органдары кәмелетке толмағандар туралы заңнамалардың сақталуына жүргізілген тексерулер нәтижесімен 4489 заң бұзушылық анықтаса, енгізілген прокурорлық қадағалау актілері негізінде 480 тұлға тәртіптік, 125 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1522 кәмелетке толмағанның конституциялық құқығы қорғалды.
Жақында аталған мәселе облыстық прокуратура жанындағы Қоғамдық Кеңесте кеңінен талқыланып, нақты атқарылатын жұмыстар белгіленсе, облыстық прокуратура заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасызету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінде «Білім беру ұйымдарының 2014-2015 жаңа оқу жылына дайындық кезеңіндегі заңдылықтың сақталуы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі мен мақсаттылығы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен бұл бағыттағы қызметіндегі заңдылықтың қолданылу жағдайы және басқа да проблемалық мәселелер» туралы қаралды.
Бүгінгі күні прокуратура Ата заңмен бекітілген әрбір заңның үстемдігіне ара түсуші, әділдікті жақтаушы, заңнамалардың өз мақсатында қолданылуына қадағалау жасаушы орган ретінде орныққан. Бізге жүктелген міндеттердің тағы бір маңызды да салмақты буыны – мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық нормаларына мән беріліп, ондағы мемлекеттік тапсырмалармен қатар, еңбек адамдарының құқығының, еңбек ету қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау болып саналады. Қабылданған прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде үстіміздегі жылдың 7 айында 31 мекеменің 9037 жұмысшылар алдындағы 724 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған 41 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, облыстық прокуратура атқарған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың тамыз айында «Альянс-Доломит» ЖШС-ның 2013 жылдың желтоқсан айынан бері еңбекақысын ала алмай жүрген 25 жұмысшыға 6,9 млн. теңге қарызы толығымен өтелді. Қазіргі таңда жалақыдан қарызы бар 5 ұйымның 1-не қатысты банкроттық, 1-не қатысты оңалту рәсімдері жүргізіліп жатса, қалған 3-не қатысты оларды банкрот деп тану туралы сотта азаматтық істер қаралуда. Осылайша, облыс бойынша жалақыдан қарызы бар ұйымдар қатарында тек дәрменсіз заңды тұлғалар қалып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың қолданылуын қадағалау прокуратура органдары назарынан тыс қалған емес. Үстіміздегі жылдың 6 айында барлығы 9 тексеру ұйымдастырылып, олар бойынша 34 ұсыныс енгізіліп, әкімшілік жауапкершілікке – 17, тәртіптік жауапкершілікке 16 тұлға тартылса, құрып кету қаупі төнген жануарларды, оның ішінде ақбөкендерді заңсыз аулау фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тиісті экологиялық рұқсатсыз немесе нормативтен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар орналастырғандары үшін мемлекет пайдасына жер қойнауын пайдаланушылардан 2717324737 теңге нақты өндірілді.
Сонымен қатар, прокуратура органымен әзірленген және облыс әкімімен бекітілген протон зымыран тасығышы құлаған жағдайда жергілікті тұрғындарды жедел көшіру, басқа елді мекендердің халқын құлағдар ету мақсатында «Протон зымыран тасығыштың құлау жағдайындағы іс-қимылдар» алгоритмі қабылдануына қол жеткізілді.
Конституцияның 26-бабында «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өзмүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп көрсетілген. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда ағымдағы жылдың 6 айында 9 тексеру жүргізіліп, 64 заңдылықты бұзушылық анықталды, 2 заңсыз актінің күші жойылып, 22 тұлға тәртіптік және 1 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 76 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 12,4 млн. теңгеден астам залал өндірілді. Мысалы, Кедендік бақылау департаменті тарапынан 350 млн. теңгеге негізсіз берілген нұсқаманың күші жойылып, кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірген департамент бастығының орынбасары Ағабеков қызметінен босатылса, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге байланысты жарияланған мораторий талаптарын бұзғаны үшін ОІІД-нің басқарма бастығы Уразовқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.
Қадағалау органдары қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық қудалауды жүргізуде әрбір азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына ерекше назар аударып, осы органдардағы камералар мен уақытша ұстау изоляторларында, қызметтік және өзге де үй-жайларында үздіксіз қадағалау орнатып, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері тексерулер жүргізеді. Қазіргі уақытта «Полициядағы кезекші прокурор – азаматтар құқығының кепілі» атты серпінді жобаның іске қосылып, кезекші прокурор жүйесі келеңсіздіктерге жедел, жіті назар аударып, полиция тарапынан кездесіп қалатын жосықсыз жағдайлардың жолын кесуге үлкен көмегін тигізіп отыр.Мысалы, 2014 жылдың 7 айында ішкі істер органдары қызметкерлерінің 7 адамды қызметтік кабинетте 3 сағаттан астам заңсыз ұстау деректері анықталды. Атап айтсақ, 2014 жылдың сәуір айында қалалық ішкі істер басқармасының қызметтік кабинетінде Б.Мыңайдаров және А.Әлжанов заңсыз 3 сағаттан астам ұсталған. Орын алған заңдылықты бұзушылықтар бойынша ОІІД-нің бастығы атына ұсыныс келтіру нәтижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Еліміздегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық аренаға сәйкестендірілген, құқықтық даму үрдісімізге лайықты етіп жасалған қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық атқару кодекстерінің жаңа нұсқасы Елбасынан қолдау тауып, қабылданды.
Республика прокуратура органдарының мәртебесі мен атқарған қызметі Конституцияда белгіленгендей, біз осы құзыреттілікте мемлекеттің мүддесін көздей отырып, қоғамымызда құқықтық заңдылықтың сақталып, әділ шешімдердің үстемдік алуы мақсатында жүзеге асыра береміз.
Қазақта «Тәртібі жоқ елден бірлік кетеді, бірлік кеткен жерден байлық кетеді» деген даналық сөз бар. Ал, тәртіп пен бірліктің, өмір сүру мен дамудың негізгі қағидасы – Конституция. Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Сапарбек Нұрпейісов,
Қызылорда облысыныңпрокуроры, аға әділет кеңесшісі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |