АЛПАМЫС МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Тамыз айы қашанда қарбаласқа толы кезең екені әмбеге аян. Әсіресе жаңа оқу жылы қарсаңындағы мектеп оқушыларының дайындығы өз алдына бір төбе. Әр бала алтын ұя мектебіне жаңа да жарасымды киіммен, әдемі де көз тартарлық сумкамен барғысы келеді. Базардағылардың қолы жүретін кезеңі де осы тұс. Олар көпшілікке көрген көзді жаулайтын небір әсем киімдерді ұсынады, бірінен-бірі өткен әр киімнің бағасы да бас айналдырады. Мәселен, бастауыш сыныпқа баратын баланың бір киер киімдерінің өзіне ғана төменгі бағамен есептегенде 30-35 мың теңге кетеді екен. Ақ көйлектің өзі 1800-2000 теңге, туфли 3000, костюм-шалбар 5-6 мың, қыздардың юбка-кофтасы 6-6,5 мың, спорттық киім 4,5-5 мың, кроссовки 3-4 мың теңге тұратынын ескерсек, арғы жағы өз өзінен белгілі. Әрине, әр қазақ отбасында мектепке баратын оқушы саны бір-екі баламен шектелмейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде мектепке бір отбасының өзінен кемінде 4-5 бала баратыны анық. Сондай отбасына бір киер киім үшін қанша қаражат керегін есептей беріңіз.
ҚОҒАМ 21 тамыз 2014 г. 1 458 0
«ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР» БАЙҚАУЫ

«ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР» БАЙҚАУЫ

Жыл сайын дәстүрге айналған "Парасатты полицей” байқауы биыл да өз деңгейінде өтті. Облыстық iшкі істер департаментінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы «Парасатты полицей» атты облыстық байқауына 8 команда қатысты.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 1 014 0

ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Өңірімізде жастар басқармасы мен ұйымдары, бірлестіктері, орталықтары белсенді жұмыс жасап келеді. Олар еліміздің дамып өркендеуіне өз үле­терін қосуда. Жастардың уақытын тиімді өткізу, нашақорлықтан бойын аулақ ұстау, қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыспен қамту, білім алып, қажетті мамандықтарын игеру, жас кәсіпкерлерге қолдау білдіру және олардың денсаулығын бақылау тұрғысында септігін тигізе отырып, белсенді әрекет етуде. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойындар өткізу, шығармашылық байқаулар жариялау негізінде жұмыс жасап, жастардың барлық қырынан белсенді болуға түрткі болып келеді.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 959 0

АУЫЛДАҒЫ АУЛА КЛУБЫ

«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымызда көптеген игілікті істер атқарылуда. Бүгінгі таңда жастық жігер мен қайратқа лайық жарқын істерге жетекшілік ету, кейінгі толқынды қолдау мемлекеттік мүддеге айналып отыр. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асуларды алатынын ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 882 0

ҚЫРМАН ҚЫЗЫЛҒА, ҚОРА ТӨРТ ТҮЛІККЕ ТОЛАДЫ

Аймақта ақ күріштен мол өнім жинап, ел-халық несібесін мо­лайтуға барынша жағдай жа­сап келе жатқан жалағаштық егін­ші-механизаторлар еңбегі ере­сен. Сондай-ақ, бұл ауданда соң­ғы жылдары төрт түлік мал ба­сын көбейтуге, сапалы ет пен сүт өнді­руге бетбұрыс бары да бай­қалады. Жалағаштағы жанданған тір­лік­пен етене танысуды мақ­сат еткен біз аудандық ауыл ша­руашылығы бөлімінің басшысы Сер­ғазы Нұрым­бетпен сұхбасттасқан едік.
ДӘУЛЕТ 21 тамыз 2014 г. 1 176 0

АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІ МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛАДЫ

Сәрсенбіде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов ҚР Конституциясының 19 жылдығын мерекелеуге орай баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 1995 жылғы тамыздың 30-ында бүкілхалықтық референдумда республиканың Негізгі заңының қабылдануы мен оның тарихи маңызы туралы айтып берді және құжаттың арқасында бүгінде Қазақстан алға қойған міндеттеріне ойдағыдай қол жеткізгенін атап өтті. Сондықтан, ұйымдастырылатын іс-шаралар кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ұстанымын қамтамасыз ететін Конституция нормаларының пәрменділігі кеңінен насихатталады.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 1 098 0

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ

2012 жылдан бері "ҚазМұнайГаз” Бар­лау Өндіру” АҚ алғаш рет өзіне ен­ші­лес-тәуелдіқұрылымдар – "Қаражан­басмұнай” АҚ, "ӨзенМұнайГаз” АҚ, "Ем­бі­МұнайГаз” АҚ және "ҚазГерМұнай” БК” ЖШС қомандалары қатысқан "Үздік ма­ман” атты кәсіптік шеберлік байқауын өткізіп келеді.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 957 0

ТАСТАНДЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ

Бір ғана ой. Санаға тыным бермейді. Екі көзін бір нүктеден айырмай, жол тосады. Кімді күтеді? Қашан келеді? Бәлкім, келер, бәлкім, келмес. Бірақ үміт үзілмек емес. "Менің де өзгелер секілді бір күні ата-анам келіп, қолымнан жетектеп, айналып, толғанып өз үйіме, ортама алып кетер” деген ниетпен ғана алға ұмтылады. Осы бір әлсіз ғана үміт оны жігерлендіреді, қайрайды, бойына қуат береді. Кейде санасын арбаған сансыз сұрақтар миын шырмап, іштей өз-өзімен айқасып жатады. Толассыз сұрақтың түйіні қашан шешілер екен, сірә. Бұл әрбір тастанды баланың көкейіндегі болып жатқан құбылыстар...
ҚОҒАМ 21 тамыз 2014 г. 1 435 0

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Облыс прокурорының орынбасары Руслан Райхановтың төрағалығымен өткен облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында екі мәселе қаралды.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 840 0

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ КЕҢ ӨРІС

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалағымен облыстың техникалық реттеу мәселелері бойынша аймақтық штабтың кезекті отырысы болып өтті. Кәсіпорын, аймақтық қауымдастық, «Нұр Отан» партиясы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен болған басқосуда Кедендік Одақтың техникалық регламенттері және оны сақтау мен отандық кәсіпкерлер үшін тиімділігі секілді ауқымды мәселелер қозғалды.
АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 837 0