АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІ МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛАДЫ

Сәрсенбіде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов ҚР Конституциясының 19 жылдығын мерекелеуге орай баспасөз мәслихатын өткізді.

Ол 1995 жылғы тамыздың 30-ында бүкілхалықтық референдумда республиканың Негізгі заңының қабылдануы мен оның тарихи маңызы туралы айтып берді және құжаттың арқасында бүгінде Қазақстан алға қойған міндеттеріне ойдағыдай қол жеткізгенін атап өтті. Сондықтан, ұйымдастырылатын іс-шаралар кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ұстанымын қамтамасыз ететін Конституция нормаларының пәрменділігі кеңінен насихатталады.

 

Облыс көлемінде 22-30 тамыз аралығында салтанатты жиналыстар, мерекелік кештер, қайырымдылық шаралар, спорттық жарыстар, патриоттық акциялар, жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі, ғылыми-практикалық конференция және басқа да мазмұны мәнді іс-шаралар өткізіледі.

 

Бұдан бөлек, мереке күндері ірі сауда орындарында жаппай сатылымдар, орталық базарда төмен бағадағы азық-түлік жәрмеңкелері, «Тегін қоғамдық көлік» акциясы және «Денсаулық керуені» акциясының қорытынды шарасы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, мереке қарсаңында аймақта бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілетін болады.

 

Сөз соңында Р.Рүстемов келер жылы тойланатын Конституцияның 20 жылдығына дайындық жұмыстары биылдан басталып кеткендігін атап өтті.

 

Дәурен ОМАРОВ.

АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 1 091 0