ҚЫРМАН ҚЫЗЫЛҒА, ҚОРА ТӨРТ ТҮЛІККЕ ТОЛАДЫ

Аймақта ақ күріштен мол өнім жинап, ел-халық несібесін мо­лайтуға барынша жағдай жа­сап келе жатқан жалағаштық егін­ші-механизаторлар еңбегі ере­сен. Сондай-ақ, бұл ауданда соң­ғы жылдары төрт түлік мал ба­сын көбейтуге, сапалы ет пен сүт өнді­руге бетбұрыс бары да бай­қалады.

Жалағаштағы жанданған тір­лік­пен етене танысуды мақ­сат еткен біз аудандық ауыл ша­руашылығы бөлімінің басшысы Сер­ғазы Нұрым­бетпен сұхбасттасқан едік.

 

Қырманды қызылға толты­рар берекелі кезең басталғалы тұр. Әңгімемізді биылғы егістің шығымы мен күтімі, яғни, ертеңгі күнгі ел-халықтың несібесінен бастасақ...

 

– Аудан бойынша биылғы жы­лы 30466 гектар жерге егіс егіліп, күтімге алынды. Саралап айтар болсам, 19951 гектар жерге басты дақыл – күріш, 230 гектар жерге жаздық бидай, 64 гектар жерге мақсары, 808,5 гектарға картоп, 700 гектарға көкөніс, 906,5 гектар алқапқа бақша дақылдары егілсе, 3100 гектар жерге жаңа жоңышқа дәні себіліп, 4649 гектар жердегі ескі жоңышқа күтімге алынып отыр. "Таң ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облысымызда алғаш рет тамшылатып суару әді­сімен ерте пісетін картоптың "Бел­лароза” сортын 10 гектар жерге орналастырды.

 

Күріш шығымы тұқым сапасы­на тікелей қатысты. Содан да би­ылғы жылы күріш тұқымын әрта­раптандыруға баса мән беріп, са­пасын барынша бақылауға алдық. Айтайын, күріш егісі үшін 5042 тонна тұқым дайындалса, осының 748 тоннасы элита, 2727 тоннасы І-репродукция, 1565 тоннасы жал­­­пы репродукциялы болса, бар-жоғы 2 тоннасы, көбейту пи­томнигі болды. Егілген күріш тұ­қымының 2849 тоннасы, яғни, 56,5 пайызы жоғары әрі сапалы өнім беретінянтарь тұқымы. Ал, лидер тұқымының 1499 тоннасы егілді. Демек, "Не ексең, соны орарсың” деп атам қазақ айтқандай, ағым­дағы жылы қырманымыз қызылға толады деген болжам бар.

 

Әрине, өнім күтімге де тіке­лей қатысты. Содан да аудан ша­руашылықтарының сұранысына орай 6000 тонна аммоний суль­фаты, 2625 тонна карбамид, 2064 тонна аммофос, 272 тонна фос­­­форит ұны минералдық ты­ңайт­қыштары алынып, күріш егіс­тігі үстеп қоректендірілді.

 

Биылғы жылы аудан шаруашы­лықтары тарапынан 45 техникаға сұраныс жасалды. Бүгінгі күнге осының 29 данасы алынса, егін ора­ғына дейін қалғандарын толық­тай алуға мүмкіндігіміз бар.

 

Аудан аумағындағы 19 шаруа­шы­лық күріш салысын өткізу мақ­сатында "АгроХолдинг Байқо­ңыр” жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігімен келісім-шарт жа­сас­ты. Олар жауапкершілігі шек­теулі се­рік­тестігіне әр келісі 50 тең­ге­ден 6144 тонна күріш салысын та­быстамақ.

 

Бүгінде жаздық бидай мен жо­ңышқа шөбінің бірінші орымы мә­ресіне жетіп, межелеген өнімді алу­дамыз. Ал, күріш егісі үстеп қоректендіріліп, арам шөптерге қар­сы гербицидтермен өңделуде. Егінші-механизаторлар егін жинау науқанына сақадай-сай әзірлік үс­тінде.

 

– Келесі сөз кезегін мал шаруа­шылығына берсек. Өзіңізге мәлім, бүгінде Елбасымыздың тап­сырмасына орай төрт түлік мал басын көбейтуге, олардан сапалы өн­ім алып, ел-халық несібесін молайтуға баса мән берілуде.

 

– Бүгінде облыс әкімдігінің тапсырмасына орай төрт түлік мал басын көбейту ғана емес, олардан алынатын өнімдерді молайтуға да құлшыныс жасаудамыз. Аудан аумағында 29296 бас мүйізді ірі қара, 31881 бас қой, 24724 бас ешкі, 8976 бас жылқы, 455 бас түйе болса, өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара саны 8,3 пайызға, ал, жылқы 3,0, түйе 4,6, қой мен ешкі 7,1 пайызға артып отыр.

 

"Сыбаға” бағ­дар­ламасына бай­­ла­­­нысты ау­дан ау­мағында атқа­ры­лып жатқан жұ­мыстар жайлы да айтпасқа болмас. Осы бағдарламаның негізіндегі 2011-2013 жылдар аралығындағы жоспар бойынша 630 бас аналық мал сатып алыну қажет болса, бұл жылдары 823 бас аналық пен 47 бас асыл тұқымды бұқа алынды.

 

Мал басын көбейтуге және оның өнімдерін молайтуда Таң ауылдық округіндегі "Манақ баба”, Аққұм ауылдық округіндегі "Бағдәулет-57”, "Қанатбаева”, "Ми­раж” шаруа қожа­лық­тары жос­парлы жұмыс жасауда.

 

Мал басын молайтып қана қоймай, оларға күтім жасау, яғни, бағып-қағуға да баса мән берілмесе болмайды. Осыған байланысты "Қанатбаева” шаруа қожалығы "Серпін” өндірістік аймағынан 90 бас мүйізді ірі қараға бейімделген бордақылау алаңы мен мал сою, жіліктеп пакеттеу цехын салып жатыр. Жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, "Туған жер” шаруа қожалығы Аққыр ауылдық округінен 500 бас қой малын бордақылау ала­ңын салуды жоспарлап отырса, Бұ­қарбай батыр аулынан "Бекжанов” шаруа қожалығы дәл осындай алаң құрылысын бастайды. Ал, Аққыр ауылында "Ай­төре” ша­руа қожалығы мен Қа­ра­кеткен ауылдық округіндегі "Д.Жал­тынов” жауапкершілігі шектеу­лі серіктестіктері мал азығын дай­ындайтын шағын орталықтар ашып жатыр.

 

Жылдан жылға мал басының кө­беюіне байланысты бос жатқан жай­ылымдық жерлерді күтімге алуға да бетбұрыс жасаудамыз. Яғни, же­ке тұлғалардың төрт түліктерін шал­ғайдағы Қарақұм, Қызылқұм, Жаңа­дария, Қараөзек бойларындағы жайы­лым­дықтарға шығару жоспарлануда.

 

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Әңгімелескен: Еркін ӘБІЛ.

 

Жалағаш ауданы.

ДӘУЛЕТ 21 тамыз 2014 г. 1 168 0