« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық iшкі істер департаментінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы «Парасатты полицей» атты облыстық байқауына 8 команда қатысты.
Ішкі істер органдары қызметкерлері халықпен бетпе-бет қызмет ететін болғандықтан олар мемлекеттік тілді білуі арқылы да Қазақстан полициясының имиджін көтеруге айтарлықтай ықпал етеді.
Байқауға аудандық ішкі істер бөлімдері мен қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен додада Қызылорда қалалық iшкі істер басқармасының «Айбын» командасы бас жүлдегер атанып, диплом және 100 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Сайыс қорытындысымен бірінші орынға Қармақшы АІІБ-ның «Қорқыт қырандары» командасы көтерілсе, екінші орынды Сырдария АІІБ-ның «Алға» командасы жеңіп алды. Ал үшінші орын иегері Жаңақорған АІІБ-ның «Жаңақорған қорғандары» тобы атанды. Жеңімпаз командалардың барлығы да ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.
Сыр елінің тәртіп сақшылары арасында талантты да өнерлі қызметкерлерді көрсетуді мақсат тұтқан байқау, сонымен қатар қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын жоғарылатуда мұндай шаралардың жүйелі өтілуі қажеттігін де аңғартты.
Байқауға төрелік еткен облыстық iшкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, Қызылорда ҚІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Алмағамбетов және басқа да қазылар алқасының мүшелері өнерлі сақшыларға разылықтарын білдірді. Сондай-ақ, өнерлерін шыңдай түсіп, әр бөлімде өнерпаздар тобын құруға ұсыныс жасады.
Командалар ішінен үздік деп танылған қызметкерлер үстіміздегі жылдың қазан айында ҚР ІІМ-де өтетін республикалық байқауға Қызылорда облыстық құрамасы сапында қатысатын болады.
Нұрбек Дәуренбеков.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |