ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Облыс прокурорының орынбасары Руслан Райхановтың төрағалығымен өткен облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында екі мәселе қаралды.

Алдымен жазасын өтеушілерді еңбекпен қамту бағытындағы жұмыс­тар жайлы бейнекөрініс көрсетіліп, одан соң облыс прокурорының кө­мекшісі Дарын Әбіш баяндап берді.

 

Есепті мерзімде түзеу мекемеле­рінде 494 сотталғандар жазаларын өте­се, тергеу изоляторында – 149 кі­нә­лі қамауға алынған. Сондай-ақ уақытша ұстау изоляторында – 326, ал әкімшілік қамауға алу орындарында 1468 ұсталғандар мен қамауға алынғандар болған. Бұл бағыттағы қадағалау қызметінде бірінші кезекте облыстық ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғандардың конституциялық құ­қық­тары мен олардың тұрмыстық-әлеуметтік тұрғыдан жабдықталуын қамтамасыз етудегі заңнама талапта­рының сақталуы, оның ішінде тұт­қындалғандарды бағып-күту, та­мақ­тандыру және медициналық қыз­метпен қамту шараларының орын­далуына ерекше мән берілген.

 

Қылмыстық ізге түсу орган­дарының қызметтік кабинеттерінде алты азаматтың заңсыз ұсталғаны анықталып, прокурорлық ықпал ету нәтижесінде дереу босатылған. Есеп­ті мерзімде азаптау, басқа да қа­тыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерге қатысты қылмыстық іс­тер қозғалмаған. Тергеу изоляторы мен УҰИ-да ұсталған, қамауға алын­ғандардың өздеріне дене жарақатын салу оқиғаларына мүлдем жол бе­ріл­меген. Түзеу мекемелеріндегі жа­за өтеушілердің қасақана тәр­тіп бұзуына байланысты 20 соттал­ғандар мен қамауға алынғандар ай­ып­тау, оқшаулау орындарына ор­наластырылған. Бір ғана мысал, ЖД – 158/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген, 21 жылға бас бостандығынан айырылған А.Ш. ЗК-169/5 түзеу мекемесіне ауыстырылған. Биылғы 19 сәуірде №379 "Алматы-Орал” бағытындағы пойызбен Қызылордаға жеткізілген ол ЗК-169/1 тергеу изо­ляторына арнайы көлікпен апару барысында кескіш затпен екі білегі мен мойнын және қарнының кіндік тұсына дене жарақаттарын салған. Тергеу изоляторынан түзеу мекемесіне ауыстырылған сотталушы мекеме әкімшілігінің талаптарына қарсылық білдіріп, аштық жариялаған. Тәртіп бұзушылық әрекеттерін тоқтатпай, айыптау орындарына бес рет оқшауландырылған А.Ш. ақыры сот үкімімен өзге өңірдегі түзеу мекемесіне ауыстырылса, сотталушы Б.Б. да сот үкімімен өзге өңірге ауыстырылған.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдай және оның алдын алу әңгіме болды. Бұл туралы облыс прокурорының аға көмекшісі Әліби Зейнолла баяндама жасады.

 

Баяндамашының айтуынша, ал­ғашқы жартыжылдықта құқық бұ­зу­шылыққа жол берген 1653 жас­өспірімдер анықталып, олардың 1574-і мен өз міндеттерін орындамаған жетпіс тоғыз ата-анаға әкімшілік шаралар көрілсе, жүз жетпіс бір кәмелетке толмағандар бейімдеу ор­талығына жатқызылған. Талдау көр­сеткеніндей, қылмыстар жасалуының себептері ата-аналар балаларының жүріс-тұрысына бақылау орнатпай, түн мезгілінде көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүрулеріне жол берілуі. Облыс көлемінде алты айда елу тоғыз қылмыс сексен бір кәме­летке толмағандардың қатысуымен жасалса, өткен жылдың тиісті ке­зеңінде тоқсан жеті жасөспірім жетпіс екі қылмысқа бой алдырыпты.

 

Статистикалық мәліметтерге сүй­енсек, өткен алты айда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған 164 қылмыс тіркеліп, жалпы тіркелген қылмыстың 2,9 пайызын құраса, осы санаттағы қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға өскен.

 

Мысалы, қызылордалық Н.Ә. кә­мелетке толмағанын біле тұра 8 сынып оқушысына күш қолданып, еркінен тыс зорлаған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 120, 121 және 178-баптарымен қоз­ғалған қылмыстық іс тергеу нә­тижесімен сотқа жолданып, облыс­тық қылмыстық істер жөніндегі ма­мандандырылған ауданаралық со­ты­ның биылғы 23 сәуірдегі үкімімен кінәлі деп танылған Н.Ә. он бес жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ардан безген А.Ж. кәмелетке толмаған А.А.-ны еркінен тыс жыныстық қатынас жасап, зорлаған. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үстіміздегі жылғы 23 маусымдағы үкімімен А.Ж. кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Есепті мерзімде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 33 кәсіпкер, кәмелетке толмағандарға темекі сатқан – 13, алкоголь өнімдерін сатқан 10 са­тушы әкімшілік жауапкершілікке тар­тылса, бала тәрбиелеу және оқы­ту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған 21 ата-ана жауапкершілікке тартылыпты.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 834 0