ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ӨМІР ТУҒЫЗҒАН ҚАЖЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы Қазақ­станда Зейнетақы жүйесін реформалауды еліміздің алдағы даму стратегиясымен сабақтастыра отырып, оны халықтың өмір сүру сапасын жақсартумен үйлесімді етуді міндеттеген болатын. Реформа кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта зейнеткерлерді нендей жаңалықтар күтіп тұр? Газет тілшісінің сауалдарына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Қызылорда филиалының директоры Салхадин Мырзабеков елімізде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері туралы әңгімелейді.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 3 022 0

СЫРДАРИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Рамазан айында сауапты іс жасау – ел халқының бірлігі мен ынтымағын білдірсе керек. Көнекөз қариялардың айтуынша, мешіт пен көпір салу, құдық қазу нағыз сауапты іс көрінеді. Осы бір қағидатты мұрат тұтқан тереңөзектіктер кент орталығынан Алланың үйі – мешіт салуда. Жалпы құны 65,0 млн. теңге тұратын мешіттің құрлысы ағымдағы жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 826 0

КЕҢЕСІП ШЕШІЛГЕН ІС НӘТИЖЕЛІ

Жүктің шекара асуы жылдам, кедергісіз және артық шығынсыз жүзеге асырылуы мақсатында кедендік амалдар мен әдістер ұдайы жаңарып отырады. Осындай жаңа ережелер Консультативтік кеңестің мәжілістерінде талқыланады.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 811 0

ӘЛ-ФАРАБИ АУМАҒЫ АЖАРЛАНА ТҮСТІ

Қаланың шеткі аймағы саналатын Әл-Фараби бабамыз атындағы көшеге алғашқы қоныстанушыларға 25 жылдай уақыт болса, соңғы 5-10 жылда жаңадан үй салушылар көбейіп, халық саны мұнда 17-18 мыңға жуықтады. Жаңадан екі мектеп салынды. Тұрғындарды ауыз су, аяқ су, электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Ал соңғы екі жылда табиғи газ да келтірілді.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 835 0

СЫР ЖАСТАРЫНА

Білесің бе, сен, білмеймін деуге хақың жоқ, Келетін саған басқадан бұрын жақын боп. Сен өскен осы киелі Сырдың жерінде, Зейнолла сынды дарабоз туған ақын жоқ.
ӘДЕБИЕТ 19 шілде 2014 г. 1 448 0

ЗЕЙНОЛЛА ШҮКІРОВ НЕГЕ ЕСКЕРУСІЗ?

Қызылорда қаласындағы қайраткер тұлғаларға ертеректе орнатылған ескерткіштердің орындары ауыстырылып, көпшілік құптарлық жұмыстар жасалынып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Ғани Мұратбаев ескерткіші мен Темірбек Жүргеновтің мүсіні өздерінің есімдерімен аталатын стадион алдына және №136-мектеп ауласына, Ыбырай Жақаев Еңбек аллеясына орнатылды. Осындай жұмыстардан хабардар болғандықтан, өзім көріп жүрген Зейнолла Шүкіровтің кеуде-мүсіні де орнын табатын шығар деген ойда болғанмын.
ҚОҒАМ 19 шілде 2014 г. 1 967 0
“ДАМУ” ДЕМЕГЕН ЖОБАЛАР

“ДАМУ” ДЕМЕГЕН ЖОБАЛАР

Елбасымыз өз Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы екеніне тоқталды. Осы ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттыру негізгі міндеттің бірі саналады. Елімізде құрылған кәсіпкерлік орындарының басым бөлігі сауда-саттық саласында қызмет көрсетеді. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерліктің бұл түрі басқа бизнес түрлерімен салыстырғанда жоғары деңгейде дамыған. Бұған дейінгі кезекте дайын өнімді алып-сатып дағдыланған кәсіпкерлерді ендігі уақытта өнім өндіруге бейімдеуге маңыз беріліп келеді. Осы орайда мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру. Осы орайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры Жансұлтан Матаевты әңгімеге тартқан едік.
ДӘУЛЕТ 19 шілде 2014 г. 1 108 0
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ

Осыдан 19 жыл бұрын Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің базасында ашылған «Болашақ» университеті елімізге белгілі білім, ғылым және мәдениеттің орталығына айналды. Университетте білім беру 42 бакалавриат, 6 магистратура мамандықтары бойынша 3 факультетте, 10 кафедрада, техникалық және кәсіптік білім беру, медицина мамандықтары бойынша 2 колледжде жүргізіледі. Бүгінде оқу орны еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қоғам мен мемлекет үшін өзектілігі басым әрі қажеттілігі мол жоғары дәрежелі кадрлар даярлауға мән беріп отыр.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 1 219 0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МӘРТЕБЕСІ

Сәрсенбіде "Сыр Медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті – тәртіптік кеңестің биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы департамент басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев баяндап берді.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 1 051 0

МҰРАҒАТ – ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА

"Сыр Медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Ғайнолла Жарқынбаев баспасөз конференциясын өткізді. Онда мұрағат ісін жетілдірудің алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді.
АҚПАРАТ 19 шілде 2014 г. 778 0