« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
"Сыр Медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Ғайнолла Жарқынбаев баспасөз конференциясын өткізді. Онда мұрағат ісін жетілдірудің алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді.
Басқарма басшысы Ғайнолла Зейноллаұлы есепті кезеңде мұрағат мекемелерінің ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті. Құжаттардың сақтау бірлігін және жай-күйін тексеру барысында 26 мың 415 іс-құжат қамтылса, олардың физикалық жай-күйін жақсартуда 2859 сақтау бірлігінің 75 мың 341 парақтарына қайта өңдеу, яғни реставрация жұмыстары жүргізілген. Мәтіні өтуге айналған 1334 парақ қайта қалпына келтіріліп, 9408 сақтау бірлігінің мұқабалары қайта түптелген. Мұрағат қызметкерлеріне және зерттеушілерге қор сақтау қоймасынан 63 мың 626 сақтау бірлігі, оның ішінде зерттеушілерге 1091 сақтау бірлігі іріктеліп берілсе, 10054 байламның жүз бір мың екі жүз қырық алты сақтау бірлігі шаң-тозаңнан тазартылған. Сондай-ақ 6268 сақтау бірлігі қайтадан қорапқа салынып, 14 мың 649 сақтау бірлігі шифрланса, 6653 байламның ярлыктары жаңартылған.
Республика бойынша облыс мұрағаттарының басты жетістігі болып табылатын "Электрондық мұрағат” ақпараттық жүйесіне 2010 жылдан бастап 4 млн. 623 мың 495 парақ цифрланса, жыл басынан бері 5702 істен 802 мың 128 парақ сандық жүйеге енгізіліпті.
Басқарма басшысы журналистерге жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуынша, осы жылдың екінші жартысынан бастап сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтік үлгідегі "Мұрағаттар үйінің” құрылысы басталыпты.
Баспасөз конференциясы барысында Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің фоэсіне мемлекет және қоғам қайраткерлері, туғанына 115 жыл болған Темірбек Жүргенов пен Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойына арналған "Ұлтын сүйген ұлы тұлғалар” атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қос қайраткердің өмірдеректері мен қызметіне қатысты құжаттар қойылды.
Қорытындылай келгенде, мұрағат саласының дамуы қарқынды жүзеге асып келеді. Оған дәлел, мұрағаттың материалдық-техникалық базасы нығайып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |