« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ САЛЫНУДА
Рамазан айында сауапты іс жасау – ел халқының бірлігі мен ынтымағын білдірсе керек. Көнекөз қариялардың айтуынша, мешіт пен көпір салу, құдық қазу нағыз сауапты іс көрінеді. Осы бір қағидатты мұрат тұтқан тереңөзектіктер кент орталығынан Алланың үйі – мешіт салуда. Жалпы құны 65,0 млн. теңге тұратын мешіттің құрлысы ағымдағы жылы аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Бір айта кететін жағдай, мешіт құрылысы "Көп жиналса – көл” дегендей, аудан халқының өз қаражаттары есебінен салынуда. Атап айтар болсақ, іскер азамат, аудандық мәслихат депутаты М.Бисенов басқаратын "Ақжарма-2” шаруа қожалығы мешіт қорына 500 мың теңге қаржы аударса, жеке кәсіпкер Н.Керейтбаева өз қалтасынан 70 мың теңге қаржы берген.
ШЕБЕРЛЕР БАЙҚАУЫ
"Сырдария ауданының әйелдері” қоғамдық бірлестігінің бас болуымен қолөнер шеберлерінің "Шебердің қолы ортақ” атты байқауы өтті. Ондаған ауылдар мен кент орталығынан қатысқан қолөнер шеберлері ұлттық киімдер мен құрақ көрпелерді, түскиіз, киіс кебіс, кілем жібінен тоқылған дорба мен қоржындарды, тағы басқа бұйымдарын сарапқа салды. Жоғары талғампаздықпен жасалған бұйымдар көз жауын алды десек, асыра айтқандығымыз болмас.
Байқау қорытындысында бірлестік төрайымы Ұ.Жаналиева қолөнер шеберлері сайысының жеңімпаздары Ж.Маханбет, Ү.Қоразова, С.Сыздықова, Д.Құлымбай, Ш.Тойбаева, Т.Мырзабекованы марапаттап, қалған қатысушылардың барлығына дерлік ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
САХНА ПАДИШАСЫНА ҚҰРМЕТ
Биылғы жылы сахна майталманы Сәбира Майқанованың 100 жылдық торқалы тойы салтанатты жағдайда атап өтілмек. Осыған орай сахна падишасының кіндік қаны тамған жерге, яғни, Қоғалыкөл ауылына М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры әртістері келіп, ауыл тұрғындарымен жүздессе, жақында Шаған ауылында да игілікті тағы бір іс-шара өткізілді.
"Сахна сәні – Сәбира” атты білгірлер сайысына мектеп оқушылары қатысып, "Сәлемдесу”, "Бәйге”, "Кім жүйрік?”, "Ғажайып экран”, "Көрермендер көрімдігі” атты бес сайысты сарапқа салды. Осы шара барысында өнерлі жастар С.Майқанованың өмірі мен өнерін әспеттеп, оған деген балауса жүректерінен шыққан құрмет-қошеметтерін тарту етті.
Е.Аққалиұлы.
Сырдария ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |