« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Сәрсенбіде "Сыр Медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті – тәртіптік кеңестің биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы департамент басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев баяндап берді.
Ғалым Сұлтанұлының айтуынша, аймақ мемлекеттік қызметшілерінің құрамы үш мың жеті жүз елуді құрайды екен. Олардың жетеуі саяси, он төрті "А” корпусының, қалғандары "Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Ал облыстың мемлекеттік органдарында мың алты жүздей әйел адамдар жұмыс жасайды десек, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің қырық бес пайызына тең.
Енді мемлекеттік қызметшілердің жас құрамына тоқталсақ, отыз-қырық жас аралығындағылар отыз бес пайыздай болса, қырық-елу аралығындағылар төрттен біріндей көрінеді. Ал ердің жасынан асқандар жиырма бес пайыздың үстінде десек, орда бұзар жастағы жеткіншектеріміз бес жүз елу алтыға тең екен. Қызметкерлердің орта жасы қырық бірді құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің 3216-сы жоғары білімділер десек, олардың 465-і екі немесе одан да көп мамандық иелері саналады. Бұлардың арасында төрт ғылым докторы мен он төрт ғылым кандидаты бар болса, қалғандары орта арнаулы мамандықтағылар. Бір қызметші "Болашақ” бағдарламасы бойынша білім алса, он екі қызметкер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіргендер. Жоғары білімділердің ішінде экономистердің үлес салмағы басым, яғни отыз жеті пайызға тең. Заңгерлер он сегіз пайыз болса, он бір жарым пайызбен техникалық мамандық иелері алғашқы үштікті түйіндейді.
Департамент алғашқы алты айда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға байланысты 203 мемлекеттік қызметшінің жеке келісімдерін қарап, олардың жүз тоқсан сегізіне біліктілік талаптарына және заңдылық нормаларына сәйкес келуіне байланысты келісім беріліпті.
Өткен алты айда облыстың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарына 306 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізіліп, оған 424 адам қатысқан. Нәтижесінде екі жүз бес үміткер іріктеу жеңімпаздары танылып, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу құқығына ие болған. Ал "А” корпусының іріктеуіне біздің аймақтан жиырма үш үміткер құжат тапсырса, олардың он сегізі тестке қатысқан.
Жыл басынан бері облыстық тәртіптік кеңес қарауына алпыстай арыз-шағым түссе, оның қырық үші ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы” Заңды бұзу, ал он бесі қызмет этикасын бұзу фактілері бойынша шағымдар. Тәртіптік кеңес отырыстарында қаралған отыз істің он алтысына тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілсе, төртеуі шешім қабылдау үшін мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлға қарауына жолданып, он істі тоқтату туралы шешім қабылданған.
Өткен алты айда департамент тарапынан мемлекеттік органдарға жүргізілген елу алты тексерудің алтауы жоспарлы да, қалғаны жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен агенттік тапсырмасына сәйкес жүргізілген.
Баспасөз мәжілісіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Жәнібек Наушабаев қатысып, журналистер сауалдарына тұшымды жауап берді.
Б.Смайылұлы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |