ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ АРТТЫ

Облыс бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментi басшысының орынбасары Т.Жолымбетовтiң хабарлауынша, 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджете зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы жылдың  басынан бастап арттырылғанын қоса есептегенде,  базалық зейнетақыны 12% - ға дейін,  еңбек зейнетақыларын 14 %-ға дейін  арттыру көзделген. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 174 0
ТҰТЫНУШЫҒА ТАЗА СУ ЖЕТКІЗУ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ТҰТЫНУШЫҒА ТАЗА СУ ЖЕТКІЗУ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Су – тіршілік көзі. Әсіресе, адам баласы үшін ауыз судың алар орны ерекше. Осы жайтты мықтап ескерген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің биылғы есепті баяндамасында облыс халқын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жайын жан-жақты түрде айтып берді. Шындығында, бұған дейін тұтынушылардың ауыз суды Сырдария өзені мен ашық су көздерінен пайдаланып келгені жасырын емес. Енді бұл іс нақты жүргізілген жұмыстардың арқасында түбегейлі шешімін табуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 8 088 0

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Кеше облыстық мәслихаттың кезекті 25 сессиясы өтіп, онда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында зор мәнге ие мәселелер талқыланды.
АҚПАРАТ 05 сәуір 2014 г. 985 0
БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Байзақ Момынбаевтың өмірден озғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар бейсенбі күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлектетік университетінің Студенттер сарайында ғалымның өмірі мен қызметіне арналған "Академик” атты кітаптың тұсаукесерімен басталды.
РУХАНИЯТ 05 сәуір 2014 г. 850 0

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БУЫНДАРЫ ҚАНДАЙ?

Осыдан біршама уақыт бұрын әлемнің қаржы рыногында сарапшылардың болжағанындай тағы бір дүрбелең басталды. Кешегі ақпанда Қазақстанның ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққанда 20 пайызға, ал Ресей рублі осы шамалас құнсызданды. Оған Украина оқиғаларынан кейінгі қор рыногындағы құлдыраудың салдарынан болған Ресей экономикасындағы күрделі ахуалды қосыңыз.
ДӘУЛЕТ 05 сәуір 2014 г. 871 0

ЖЕР ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНАСЫН БАРЛАУ

Геологиялық барлау жасайтын ықтимал инвесторларды біздің облыста не күтіп тұр? Бұл жөнінде "Оңтүстікқазжерқойнауы” өңіраралық департаменті мемлекеттік мекемесінің Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергеновпен әңгіме құрған едік. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 475 0

АРЫСТАЙ АЗАМАТ ТӨСЕГІНДЕ ҚОР БОЛЫП ЖАТЫР

«Балдаққа сүйеніп тұра алсам, аяғымды кессе де ризамын», дейді редакцияға хат жазған Дайырбек Нарымбетов. Өз дене мүшесін құрбан етер мұндай жанкешті сөз адамның аузынан оңайлықпен шыға қоймайды, айналадан әбден түңілген, шыбын жаны қиналған кісінің жанайқайы бұл. Қылшылдаған қырық жастың қырқасына іліне бере осы сұмдыққа жол-көлік апатының салдарынан тап келді ол. Жаңақорған кентінде тұратын кейіпкеріміз құрылыс жұмыстарын атқару арқылы нәпақасын айырып жүр еді, төрт баласына нан тауып беремін деп шапқылап жүргенінде осы сорға кезікті, сонда, сол аяғы төрт, сол қолы үш жерінен сыныпты. Бөлшектене сынған сүйектердің кейбірі сол апат болған жерде қала бергендігін де кейін білді.
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 991 0

ШӨЛМЕКТЕН ҚАЛАНҒАН МОНША

Қазақта «қолы білген құм үстіне кеме жүргізер» деген даналы сөз бар. Жақсы айтылған, себебі, өмірде темірге тіл, жаңқаға жан бітіріп, барша жұртты тәнті етіп жүрген жандар жетерлік. Бірақ, ұшқыр ой мен кемел қиялды қиыстырып дүние шығаратындар қатары сирек. Сондай жандардың бірі Зәріп Абзалұлы десек болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 660 0

БАЛНҰР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

Жақында Семей қаласында  тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген жарыста біздің облыстан Балнұр Айжарық қола жүлдеге қол жеткізді. 
ДОДА 05 сәуір 2014 г. 1 062 0

ҮЗДІК КИКБОКСШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Төрт күнге созылған кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасындағы XXV ел чемпионаты аяқталды. Астана, Алматы қаласы және 14 аймақтан екі жүзге жуық спортшы қатысқан аламанда мықтылар іріктеліп шықты. Чемпионатта фулл-контакт және К-1 сайысында 29 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Кіл мықтыдан, кім мықты дегенге келсек, фулл-контакттан: ерлер арасында 91 келіде қызылордалық Е.Жеңіс бас бәйгені қанжығаласа, әйелдер арасында  65 және +65 келіде Г.Саматова мен Н.Тлеуімбетова жүлделі орынға ие болды. Ал К-1 сайысында өкінішке орай, жерлестеріміз жер қарап қалды.
ДОДА 05 сәуір 2014 г. 1 040 0