БАЛНҰР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

Жақында Семей қаласында  тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген жарыста біздің облыстан Балнұр Айжарық қола жүлдеге қол жеткізді. 
Ол 12 жастағы қыздар арасында сынға түсті. Балнұр өз қатарластарынан әзірлігі жоғары екенін дәлелдей білді. Бірнеше қарсыласын орта жолда қалдырып кетті. Соның нәтижесінде ұпай қоржынын молайтып, бапкерлер тарапынан оң бағасын алды. 
Бұл Балнұр қатысқан алғашқы жарыс емес. Жас өрен бұдан бұрын талай мәрте сайыстарда бақ сынады. Олардың барлығында жанкүйер сенімінен табылып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Ұлттық ойын түрін ұлық тұтқан Балнұр алдағы кезеңдерде де сол биіктерден көрінуді қалайды. Осы мақсатта үнемі ізденіп, әрдайым шеберлігін пысықтауға көңіл бөледі. Осындай жоғары дайындықтың арқасында түрлі бәйгелерде өзінің шеберлігінің жоғары екенін дәлелдеп келеді. 
Б.Айжарық қазіргі күні Қызылорда қаласындағы №136 орта мектептің бесінші сыныбында оқиды. 
Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ. 

ДОДА 05 сәуір 2014 г. 1 007 0