ЖЕР ҚОЙНАУЫ ҚАЗЫНАСЫН БАРЛАУ

Геологиялық барлау жасайтын ықтимал инвесторларды біздің облыста не күтіп тұр? Бұл жөнінде "Оңтүстікқазжерқойнауы” өңіраралық департаменті мемлекеттік мекемесінің Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергеновпен әңгіме құрған едік. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 475 0

АРЫСТАЙ АЗАМАТ ТӨСЕГІНДЕ ҚОР БОЛЫП ЖАТЫР

«Балдаққа сүйеніп тұра алсам, аяғымды кессе де ризамын», дейді редакцияға хат жазған Дайырбек Нарымбетов. Өз дене мүшесін құрбан етер мұндай жанкешті сөз адамның аузынан оңайлықпен шыға қоймайды, айналадан әбден түңілген, шыбын жаны қиналған кісінің жанайқайы бұл. Қылшылдаған қырық жастың қырқасына іліне бере осы сұмдыққа жол-көлік апатының салдарынан тап келді ол. Жаңақорған кентінде тұратын кейіпкеріміз құрылыс жұмыстарын атқару арқылы нәпақасын айырып жүр еді, төрт баласына нан тауып беремін деп шапқылап жүргенінде осы сорға кезікті, сонда, сол аяғы төрт, сол қолы үш жерінен сыныпты. Бөлшектене сынған сүйектердің кейбірі сол апат болған жерде қала бергендігін де кейін білді.
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 991 0

ШӨЛМЕКТЕН ҚАЛАНҒАН МОНША

Қазақта «қолы білген құм үстіне кеме жүргізер» деген даналы сөз бар. Жақсы айтылған, себебі, өмірде темірге тіл, жаңқаға жан бітіріп, барша жұртты тәнті етіп жүрген жандар жетерлік. Бірақ, ұшқыр ой мен кемел қиялды қиыстырып дүние шығаратындар қатары сирек. Сондай жандардың бірі Зәріп Абзалұлы десек болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 660 0

БАЛНҰР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

Жақында Семей қаласында  тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген жарыста біздің облыстан Балнұр Айжарық қола жүлдеге қол жеткізді. 
ДОДА 05 сәуір 2014 г. 1 062 0

ҮЗДІК КИКБОКСШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Төрт күнге созылған кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасындағы XXV ел чемпионаты аяқталды. Астана, Алматы қаласы және 14 аймақтан екі жүзге жуық спортшы қатысқан аламанда мықтылар іріктеліп шықты. Чемпионатта фулл-контакт және К-1 сайысында 29 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Кіл мықтыдан, кім мықты дегенге келсек, фулл-контакттан: ерлер арасында 91 келіде қызылордалық Е.Жеңіс бас бәйгені қанжығаласа, әйелдер арасында  65 және +65 келіде Г.Саматова мен Н.Тлеуімбетова жүлделі орынға ие болды. Ал К-1 сайысында өкінішке орай, жерлестеріміз жер қарап қалды.
ДОДА 05 сәуір 2014 г. 1 040 0
АЛДАСПАНДАР РУХЫ

АЛДАСПАНДАР РУХЫ

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың осылай аталатын тарихи романдар топтамасы өз оқырмандарына жол тартты. Алматы қаласындағы "Шамшырақ” баспасынан жарық көрген жаңа басылымнан "Қарабура”, "Сопы әзіз пір”, "Марал баба” жайлы тарихи деректерге сүйене отырып жазылған, бояуы қанық көркем туындыларды тұшына оқи аласыздар.
РУХАНИЯТ 05 сәуір 2014 г. 1 185 0

ОҚЫРМАН ХАТТАРЫ

Мұғалім, оның үстіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болғасын  балалардың ана тіліне, ұлт әдебиетіне деген  көзқарасына назар аударасың. Бүгінгі  мектеп оқушысына өкпе жоқ. Заманына қарай адамы дегендейін, заманауи техникаларды тез меңгереді, қайда не бар, тауып алады. Алғырлығына кінә таға алмайсың, алайда әдеби кітап оқу турасына  келгенде шәкірттермен арада реніш туындайды. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 172 0

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕ!

Ел болып еңсеңімізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлем назарына іліккенімізге де жиырма үш жылдай уақыт өтіпті. Тарих беттерін парақтар болсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем сахнасында дербес мемлекет ретінде танылып, әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналдық. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2014 г. 1 109 0

ТҮС НЕМЕСЕ БАЗАР ҚОЖА ХАҚЫНДА

Қазалыдағы Бекарыстан би ауылында жатқан Базарқожа баба туралы аңызға бергісіз әңгіме ел арасында жиі айтылады. Оның талай кереметтерін білген жұрт баба басына жиі тәу етеді.
ТАНЫМ 05 сәуір 2014 г. 3 948 0