
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың осылай аталатын тарихи романдар топтамасы өз оқырмандарына жол тартты. Алматы қаласындағы "Шамшырақ” баспасынан жарық көрген жаңа басылымнан "Қарабура”, "Сопы әзіз пір”, "Марал баба” жайлы тарихи деректерге сүйене отырып жазылған, бояуы қанық көркем туындыларды тұшына оқи аласыздар.
Иә, өз заманының алдаспандарындай қиып түскен бабалар рухы егемендікке жол салып, тәуелсіздікке есік ашты. Қара нардай қасіретті еңсерген хан-батыр Қарабура, имандылықтың шырағын жаққан үш жүздің пірі Мүсірәлі, азаттықтың ақ таңын армандаған әулие Марал баба ұрпақтар жадында мәңгі жаңғырмақ.
Айналып келгенде, "Алдаспандар рухы” тәрбиелік мәнге ие көркем шығарма.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.