ЖАҢА ЖОБА ОҚУШЫ ТАНЫМЫН КЕҢЕЙТПЕК

Бейсенбіде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен  мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы талқыланды.
ҚОҒАМ 01 ақпан 2014 г. 1 655 0
ЕЛ АРАЛАҒАН ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ЕЛ-ЖҰРТҚА ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

ЕЛ АРАЛАҒАН ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ЕЛ-ЖҰРТҚА ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАДЫ

Сыр өңірінің халқы – өздерінің аяулы ұлдарын қашаннан ардақтай білетін дархан жұрт. Бұған жуырда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап шыққан ақпараттық топтың құрамында Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Юрий Пя сынды арда заматтар ел аралаған кезде тағы бір көзіміз жетті.
АҚПАРАТ 01 ақпан 2014 г. 1 586 0
ШЕТЕЛДІКТЕР ЖҰМЫСЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

ШЕТЕЛДІКТЕР ЖҰМЫСЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Бұдан бұрынғы жылдары еліміздің кез келген аймағында жеке және заңды тұлғалар құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін өзге елдің азаматтарын жұмысқа жегіп, көптеген заңсыздықтарға жол беріліп келгені белгілі. Осы кезге дейін көршілес өзбек және қырғыз елдерінің азаматтары жасыратыны жоқ, Қазақстанның түкпір-түкпірінде өз нәпақаларын тауып келді. Кезінде осынау келеңсіз әрекеттері үшін бірқатар қазақстандықтар жауапқа тартылса, гастарбайтерлер мемлекет шекарасынан шығарылған болатын. Енді биылдан бастап шетелдік азаматтарды жұмысқа тарту заңдастырылып отыр. Осыған орай газет тілшісі облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерғали Шерімбетовке жолығып, әңгімеге тартқан еді.
АҚПАРАТ 01 ақпан 2014 г. 1 020 0
ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ БАЙЛАНЫС

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ БАЙЛАНЫС

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 01 ақпан 2014 г. 929 0
КӘСІПКЕР КАПИТАЛЫН КӘСІПОРЫНҒА САЛСА ҰТАДЫ

КӘСІПКЕР КАПИТАЛЫН КӘСІПОРЫНҒА САЛСА ҰТАДЫ

Баспасөз материалдарын шолып отырып, «Айқын» газетіндегі журналист Жұмабек Жанділдиннің «Еврейлерден үйренсек» атты мақаласына көзім түскені. Еріксіз назар аудартқан мақалада  автор Израиль секілді шағын мемлекеттің ауылшаруашылық дақылдарымен өз елінің халқын қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа шығарып, пайдаға кенеліп отырғанын келтірген. Шындап  келгенде, Израиль елінің жер көлемі  Қазақстанның бір облысы алып жатқан аумақтан артық емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ 01 ақпан 2014 г. 999 0

ОТАНДЫҚ БИОТЫҢАЙТҚЫШ ӨНІМ МЕН САПА КЕПІЛІ

Жер-Ананың  жағдайы жалпақ жұрт үшін маңызды екендігі баршаға аян. «Жер семіз болса – дән егіз, мал семіз болса – төл егіз» деген қазақтың дана сөзі ойымызды дөп басады. Сондай-ақ, «Не ексең, соны орасың» дейді. Бүгінде бұл қағида аздап толықтыруды қажет етеді. Өйткені, еккен егінің, төккен терің төлеусіз болып қалатын жағдай жиі кездеседі. Бұл – жердің құнарын сақтау біліктілігінің жоқтығынан туатын келеңсіз құбылыс. Кез келген мемлекет қоршаған ортаның өзгерісіне өз дәрежесінде көңіл бөліп отырғаны абзал. Өндіріс дамыған ғасырда табанымыз басып, тіршілігімізге қажетті азық-түлік өндіріп отырған топырақтың таза әрі құнарлы болуына бізде әрдайым жағдай жасала бермейді. Адамзаттың асыл қорегін қамтамасыз етіп отырған табиғи орта экологиясының бұзылуына табиғатты үнемді және дұрыс пайдаланудағы олқылықтар мен жүйесіз шаруашылықтар қызметі тікелей әсер етуде. 
ҚОҒАМ 01 ақпан 2014 г. 2 822 0

ҒАЖАЙЫПТАРҒА ҰҢІЛГЕН КЕУДЕ КӨЗІМЕН

Биылғы жылдың қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Университетіміздің өсіп-өркендеуіне, республика деңгейінде, тіпті одан да тыс дүниежүзіндегі 800 жоғары оқу орындарының бірінші үш жүздік тобының қатарынан орын алуына ғалымдарымыздың, ұстаздардың, шәкірттердің қосқан үлесі орасан зор деп айта аламыз. Солардың арасынан менімен мектепте бірге оқыған, сол бір қиын-қыстау заманның ауыртпашылығына шыдап, күні-түні ізденіп білім алуға деген құштарлығымен Алматыға келіп, жоғары мектепке оқуға түсіп,  ізденісі мен еңбегінің арқасында филология ғылымдарының докторы, профессоры, кафедра меңгерушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, түрколог, теолог, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Берікбай Сағындықұлы жайлы ойларымды  оқырман қауымға мақтанышпен ұсынғалы  отырмын. 
ТАҒЫЛЫМ 01 ақпан 2014 г. 2 157 0
СЫРДАРИЯ

СЫРДАРИЯ

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы, бірнеше республикалық поэзия мүшәйраларының иегері, танымал қаламгер жерлесіміз Шәмшия Жұбатова өткен күзде шығармашылық сапармен Сыр бойына келді. Шәмшия Нұрсұлтанқызы Қазалы, Арал, Қызылорда, Шиелі аймақтарында болып, жаңа кітабына материалдар жинақтады. Облыстың телеарналарында келешектегі шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, аудандық кітапханаларда өз oқырмандарымен жүздесті. Арқалы ақын Жетісудағы жолсапарда дүниеге келген туған жер туралы жаңа дастанын аяқтады. Төменде дастаннан үзіндіні жырсүйер қауымға ұсынып отырмыз.
ӘДЕБИЕТ 01 ақпан 2014 г. 2 284 0

“ЕРТЕ АҒАРҒАН ШАШЫМ КУӘ...”

Бұл қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты терең зерделеп, саралап-салмақтап, түбіне жете талдап жазған кісі, әй, кемде-кем шығар! Қазақ қазақ болғалы бері қойнына бар құпиясын жинап алып, бүк түсіп жатып алған бура кеуде кәрі тауға не болмаса тереңіне пенде жетіп болмас түпсіз тұңғиық бір әлем секілді елестейді де тұрады бізге! Қалай десек те, бұл қазақ – текті қазақ!
ӘДЕБИЕТ 01 ақпан 2014 г. 2 513 0

ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары оқу орындарында жас ұрпақты тәрбиелеуде тарихты жаңаша оқытып, оқу сапасын арттыру мәселесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «ХХІ ғасыр табалдырығында» атты кітабында «барлық сфераларда жаңғырту жасамайынша біз тарихи дамудың мәңгі кешігуші жазықтығында қалып қоюға мәжбүр боламыз», – деп ерекше назар аударған болатын. 
ТАНЫМ 01 ақпан 2014 г. 3 002 0