Теледидардан, радиодан «Қара бауыр қасқалдақ» әнін естісем, сонау 86-шы жылғы Алматы қаласындағы қанды қырғын қаз қалпында есіме түседі. Көз алдымда болған соң ба жүрегім ауырады. Ол кезде Еңбек Қызыл ту орденді Ауыл шаруашылығы институтында оқитынмын. Біздің жатақхана алаңға тым жақын орналасқан-ды. Қасымдағы Алмас, Абдулла атты жігіттермен алаңға шықтық. Алғашқы күн тыныш өтті. Екінші, яғни 16 желтоқсан күні онсыз да әскерилермен қоршалған алаңға Балтық жағалауы республикалары мен Ресейден келген арнайы жасақтар топ-тобымен түсіп жатты. Кейін мәлім болғанындай, бұл КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде арнайы дайындалған «Құйын-86» операциясын жүзеге асырушылар екен.
ТАНЫМ
16 желтоксан 2013 г.
1 325
0
Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен тарихын бар қайғы-қасіретімен, қуаныш-сүйінішімен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауы шарт. Себебі, ол – тұтас құбылыс.
ТАНЫМ
16 желтоксан 2013 г.
4 124
0
Облыстық прокуратурада Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара болып өтті.
АҚПАРАТ
16 желтоксан 2013 г.
817
0
Осыдан 22 жыл бұрын әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Тарих жылнамасындағы сан ғасырға бергісіз қас-қағым сәт қазақ халқын барша әлемге танытты, танытып қана қоймай әлем елдерінің бас қосқан алқалы жиынында айшықты ойы мен аталы сөз арқылы төрелік еткізді, ел еңсесін көтерді, рухын асқақтатты. Сондықтан да Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі.
ҚОҒАМ
16 желтоксан 2013 г.
1 118
0
Ең басты құндылығымыз– тәуелсіз ел болуымыз. Біз осы күнге бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Ұлы байтақ жері, еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды.
ҚОҒАМ
16 желтоксан 2013 г.
1 239
0
Жуырда екінші автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосылатындығын айтқан болатынбыз. Осы орайда, өткен бейсенбіде облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
АҚПАРАТ
16 желтоксан 2013 г.
1 134
0
Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл-ауқаты көтеріліп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалды. Бүгінде қай саланы алып қарасақ та ілгерілеу бар.
ҚОҒАМ
16 желтоксан 2013 г.
1 319
0
Тәуелсіздік– қазақтың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Егемендік дегенде, басқа даулы, дүдамал мәселелердің барлығы сап тыйылу керек. Егемендік ендігі біздің ұранымыз болуы шарт. Себебі бұл күннің мәні мен маңызына басқа ешқандай атаулы күн жетпейді.
ҚОҒАМ
16 желтоксан 2013 г.
1 729
0
Тәуелсіздік мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде тойлануда. Айтулы мерекені Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де атап өтті. Өткен жұмада Студенттер сарайында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты кеш болды.
АҚПАРАТ
16 желтоксан 2013 г.
1 258
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстың бір топ еңбеккерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ, аймақ дамуына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ардагерлер «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын иеленді
АҚПАРАТ
16 желтоксан 2013 г.
2 287
0