Ең басты құндылығымыз– тәуелсіз ел болуымыз. Біз осы күнге бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Ұлы байтақ жері, еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде азаматтық қоғамның негізі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдардың дамуына саяси-құқықтық жағдайлар жасалып келеді. Осы уақыт аралығында азаматтық қоғам дамуының бағыттары мен шарттарын айқындаған тұжырымдама да қабылданды. Бүгінде билік пен халық арасындағы байланыс көпіріне айналған ҮЕҰ қоғамның кез келген мәселесін шешуге ықпал етуде. Биліктің үкіметтік емес сектормен қарым-қатынасында оң өзгерістер орын алды. Қазіргі күні ҮЕҰ-ны белгілі қоғамдық күш ретінде қабылдауға болады. Олардың көпшілігі өңіріміздегі маңызды қоғамдық-саяси науқандардан тыс қалмайды. Қоғамда ынтымақ, ауызбіршілік, тұрақтылық болуына өз үлестерін қосып келеді.
Мұрат ЖҰМАДІЛДАЕВ,
«Жігер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.