Тәуелсіздік– қазақтың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Егемендік дегенде, басқа даулы, дүдамал мәселелердің барлығы сап тыйылу керек. Егемендік ендігі біздің ұранымыз болуы шарт. Себебі бұл күннің мәні мен маңызына басқа ешқандай атаулы күн жетпейді.
Тәуелсіздікпен қатар дүниеге келген, өзге бір халық тарапынан кемсітушілік көрмеген қазіргі буын бұл күннің қадірін жете түсінбеуі мүмкін. Ал біз сияқты отаршылдықтың ауыртпалығын көрген аға буын үшін егемендіктің мәні айрықша. Сондықтан тәуелсіздікке қол жеткізу мен үшін үлкен бақыт. Біздің ендігі мақсатымыз –осы егемендікті ұстап қалып, сын-сағатта елдігімізге сызат түсірмеу. Бұл қазіргі қазақстандықтарға жүктеліп отырған міндет. Тәуелсіздік алдық деп арқаны кеңге салуға болмайды. Бүгінгі таңда жар астында әр қадамыңды аңдып, шалыс басқан сәтіңді күтіп жатқан жау көп. Сол себепті біз ішкі татулық пен бірлігімізді нығайтып, отаншылдығымызды күшейтуіміз керек. Тәуелсіздіктің тірегі–отаншылдық. Елбасының қолға алған істеріне қолдау білдіріп, сенім арта білуіміз тиіс. Өйткені, мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде көптеген игі істер жүзеге асып, халықтың әлеуметтік жағдайы айтарлықтай жақсарды. Білім, ғылым, денсаулық сақтау саласы да зор жетістіктерге жетіп, кейбір елдерде жоқ игіліктерге қол жеткізудеміз. Осының барлығы азаттықтың арқасы. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Өтеген ҚОЖАНОВ,
Тасбөгет кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы.