ӨҢІР ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ БАСТАМА

Жуырда екінші автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосылатындығын айтқан болатынбыз. Осы орайда, өткен бейсенбіде облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.  
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның инвестициялық қаржысы арқылы қолға алынған бұл меморандум аясында облыстың Арал, Байқоңыр қалалары, Әйтеке би, Жақсықылыш, Сексеуіл елді мекендері газбен қамтылады. Сондай-ақ, 2014 жылы газ тарату жүйесіне енгізілмей қалған жеке тұрғын үй секторларының учаскелеріне газ құбырын жүргізу қолға алынатын болады. Сонымен қатар, «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырына қосылатын «Арысқұм» магистральды газ құбыры салынбақшы. Аймақта ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға үлкен жауапкершілік артылуда. Осы ретте, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңір инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін аталмыш мекеменің бас директоры Қайрат Шәріпбаевқа Сыр елінің атынан алғысын білдірсе, ел игілігі жолында жасалып жатқан бұл бастамаға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов та ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның бас директоры Қ.Шәріпбаев іргелі істе ауызбірлікпен жұмыс атқаратынын, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына көмек көрсететіндігін  айтты. 
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 16 желтоксан 2013 г. 1 132 0