Қармақшы аудандық прокуратурасының аға тергеушісі Бәкішев, сезікті кісі қатарында ұсталып, қамауға алынған жас әйелге қарап: «Осындай жас келіншек мұндай сұмдық қылмысқа қалай барды екен?» деп, біраз ойланды. Әйел де жайбарақат, еркін отыр. Қылмыс жасаған адамға мүлдем ұқсамайды. Әдетте, қылмыскерлер аяныш тудырғысы келіп, тергеушіге жалынышты қарайтын. Рас, кейбір қылмыскерлер тағылған айыпты мойындамай, таласып жатады. Қалай дегенде де, жауапқа тартылған адамдар бейқам мінез көрсетпейді. Бәкішев осылай екі ойлы болып, жауап алуға кірісті.
ӘДЕБИЕТ
23 қараша 2013 г.
1 968
0
Ең алғаш мотоцикл мінген де, жекеменшік «Волга» машинасының иесі болған да Сейітхан Орынбайұлы болар. Бала кезімізде оны «Сейітхан шопыр» деуші едік. Құдай берген талант «шопырлықтан» өсіріп, кітап авторлығына дейін жеткізіпті. Қызғанамыз, бірақ күндемейміз, қуанамыз, өйткені, ол – «1 Май» қазақ ер балалар орта мектебінің түлегі. Қалаға, қала берді облысқа танымал азамат Қылышбаев Орынбайдың отбасынан, әке даңқымен емес, өз бетінше өз әлінше күш-қуатын көрсете білген азамат.
ҚОҒАМ
23 қараша 2013 г.
1 122
0
Өнер – халқымыздың рухани азығы. Сонау ғасырлардан сал-серілер, бұлбұл құстай сайраған жезтаңдай әншілер халқымыздың даңқын шығарды. Олардың жолын қуып ел сүйіспеншілігіне бөленген, сыңғырлаған әуенімен тамсандырып, таңдай қақтырып өзімен бірге ән салдырған тума талант Мадина Ералиева еді.
РУХАНИЯТ
23 қараша 2013 г.
2 178
0
Археологиялық ескерткіштерді зерттеу жолына түскеніме 55-жылдан артық уақыт болды. Күннің ыстығына да, суығына да төзіп, маса-сонаның талауына түсіп палаткада өмір сүріп тапқан ескерткіштерден ата-бабаларымыздың қолдарымен жасалған бұйымдарын тауып олардың өмір-жайынан мағлұматтар деректер жинауға тырысамыз. Қазба жұмыстары жүріп жатқан жердегі жергілікті адамдар біздің «алтын іздеп жүр» деп түсінбесе, басшылардың өзі археологтардың жұмыстарына онша мән де бермейді. Сондықтан көптеген археологиялық ескерткіштер із-түссіз жойылып кетіп жатыр. Мәселен, атақты Отырар қаласының үлкен мешітінің кірпіштерін өткен ғасырдың 50-жылдарында Қызылқұм ауданының адамдары бұзып алып жатқан кезде академик Ә.Марғұлан кез болып оларды тоқтатқан. Бұзылудан аман қалған мешіт орнын ашық аспан астындағы мұражайға айналдырғанда кірпіштердің алынған жері көрініп жатыр. Бұл сол кездегі аудан басшыларының ескерткіштен ешбір хабары болмағандығын көрсетеді.
ТАНЫМ
23 қараша 2013 г.
1 501
0
Мінез. Адамның мінезі сан саналы, көп қырлы болып келеді. Саралап айтар болсақ: жомарт, сараң, керісінше мырза, тәкәпар, тасбауыр, биязы, өзін жоғары ұстау, кішіпейіл, қызғаныш, ашу, сабырлы, екіжүзді, маңғаз, паң, өтірікші, қанағат қылу, тәубе ету, әдептілік, керісінше әдепсіздік, санасыз, сыпайылық , т.б.
ҚОҒАМ
23 қараша 2013 г.
6 985
0
Өткен жылы Қазақстанда бірінші рет созылмалы жүректің жетіспеушілігі диагнозы қойылған науқасқа донорлық жүрек трансплантациясын жасағаны белгілі. Бұл отаны Чехияның кардиохирургы Жан Пирктің қатысуымен еліміздің жетекші кардиохирургы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Пя жасады.
ҚОҒАМ
23 қараша 2013 г.
3 743
0
Шиелі ауданының Бала би ауылында қазақ күресінен турнир бесінші мәрте өткізіліп отыр. Биылғы жаңалық, аудандық турнир аясы ұлғайып, ол шахмат, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерімен толығыпты.
ДОДА
23 қараша 2013 г.
1 303
0
Көпбалалы отбасында өскен Ардақ бірінші сыныпта оқып жүргенде-ақ дәрігер боламын деп шығарма жазған еді. Әсемдене бой жеткен қыздың бойында кейіндеу әлденеше бейімділік бүр жарды. Ән салды, өлең де жазды, заманауи технологиялардың тілін меңгерді. Бірақ солардың бірі де оның дәрігер боламын деген арманын ауыстырған жоқ.
ҚОҒАМ
23 қараша 2013 г.
1 420
0
Аймағымызда жарияланған санитарлық - тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы Шиелі ауданының Жөлек аулында қарқынды жүргізіліп келеді.
АҚПАРАТ
23 қараша 2013 г.
1 027
0
Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығы жақында халыққа қызмет көрсету орталығында «Құқықтық сауаттандыру – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» атты сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша онлайн-конференция өткізді.
АҚПАРАТ
23 қараша 2013 г.
1 017
0