Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығы жақында халыққа қызмет көрсету орталығында «Құқықтық сауаттандыру – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» атты сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша онлайн-конференция өткізді.
Елбасының бекіткен басым бағыттары негізінде мемлекетпен бірге азаматтық қоғамның институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы осындай жат қылықтармен күресуге болады. Аталмыш шара барысында тиісті сала мамандары жағымсыз құбылысқа қарсы тұру туралы қойылған сұрақтарға нақты жауап алды.
Ә.ТҰРСЫНБЕК.