Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индекаторларының бірі ретінде мемлекеттік тілді меңгерту ҚАЗТЕСТ сынақтары бойынша жүргізіліп келеді.
АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
944
0
PDF
09 қараша 2013 г.
827
0
Бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында «Тіл жанашыры-2013» марапаттау рәсімі өтті. «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің бұл наградасы қазақ тілінің өркендеуіне атсалысып келе жатқан азаматтарды ынталандыруды көздейді.
АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
1 019
0
Мемлекеттің басты байлығы – адам десек, дені сау адам ғана ел қазынасы, ұлт болашағы бола алатыны белгілі. Бүгінде дерттің түрі көп. Заман жақсарып, техника дамып, мүмкіндіктер молайып жатса да, көбісінің дауасын таба алмай дал болудамыз. Солардың бірі – Вич/Спид ауруы.
ҚОҒАМ
09 қараша 2013 г.
4 424
0
Газеттің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Құрманғали Ажаров ағамыз: – Жарайсың, Жарылқасынов! – деп телефон тұтқасын тұғырына қондырды. Ол әлгі бір әзірдегідей емес, қазір көңілді. Оның да себебі бар. Осыдан жарты сағаттай уақыт бұрын жоспарлау кезінде редактор Қалқабай Әбенов: – Құреке, егін жинаудан сын материал керек, соны жеделдетіп тауып, бүгінгі нөмірге салуымыз қажет, – деген болатын. Ал жауапты хатшы Шора Ералиев те сөзге араласып: – Шұғыл түрде меншікті тілшілерге шығыңыз, олардың біреуін түске дейін қолға түсірмесеңіз, кеш қаласыз. Мүмкін болғанша ертелеткеніңіз жөн. Материал кешіксе, бетті ұстайды, содан барып газет кешігеді, – деп тығыздаған еді. Содан ширығып шыққан Құрекең телефонға мініп, аудандардағы тілшілерді түгендей бастаған-ды. Іздегенге сұраған демекші Қармақшыдан Рашид Жарылқасынов өзі хабарласып, табан астында сын материалды телефонмен хабарлады. Күріштік алқаптан кеше кештетіп оралған беті болса керек, көзбен көргенін көңілге тоқып, соны тезірек жеткізуге асыққан сыңайлы. Бөлім меңгерушісін көңілдендірген де осы жағдаят еді.
ТАҒЫЛЫМ
09 қараша 2013 г.
2 061
0
Дағдарыстың ең қауіптісі – саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыс емес, рухани дағдарыс. «Қатарынан 40 жыл соғыс, 40 жыл аштық болмайды» деген халқымыздың басындағы бүгінгі күнгі экономикалық, тұрмыстық қиындықтар әлі-ақ өтеді.
ҚОҒАМ
09 қараша 2013 г.
4 250
0
Президент Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» деп айрықша атап көрсеткен еді. Сондықтан да жоғары оқу орындары алдында педагогтар дайындауда басты мақсат – кәсіби тарихшыларды дайындау талаптары тұр. Себебі соңғы жылдары тарих ғылымының барысында әр түрлі методологиялық тәсілдер қалыптасқан және жасалып та келеді. Сондай-ақ, тарих оқулығының мазмұнына байланысты және тарихшылар алдында күрделі ғылыми теориялық мәселелердің шығуы, ғалымдарға жаңа мазмұнды әдістерді іздеу мен тарихты оқыту технологиясын үйренуде үлкен еңбек ету қажеттігі тұр.
ТАНЫМ
09 қараша 2013 г.
2 892
0
Үстіміздегі жылдың 5 маусым күні өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында ел тарихын зерттеп, ұлттық сананы қалыптастыру бағытында бірқатар жаңа талаптар қойылғаны белгілі. Аз ғана мерзім ішінде ұлттық тарихымызға біраз сілкініс еніп, ХХ ғасырдағы француз тарихи мектебінің жетістіктерін, зерттеулерді құрғақ фактология емес, тарихи-мәдени құжаттардың мәтінін жаңаша оқып, жаңаша пайымдау аясында ұғыну міндеттері жүктелді.
ТАНЫМ
09 қараша 2013 г.
2 162
0