ҚАЗТЕСТ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен  қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  нысаналы индекаторларының бірі ретінде мемлекеттік тілді меңгерту ҚАЗТЕСТ сынақтары бойынша жүргізіліп келеді.
Осы емтиханға келесі жылы ересек азаматтардың 20 пайызы, 2017 жылға қарай 80, ал жиырмасыншы жылы 95 пайызы қамтылатын болады. Осыған орай 29-31 қазан аралығында әртүрлі мақсатты топтар арасында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша байқау сынақтары өткізілді. Оған облыс, қала әкімшілігі мен облыстық мәслихат аппараты, тексеру комиссиясы, облыстық басқармалар мен департаменттер, білім, мәдениет, денсаулық, халыққа қызмет көрсету, байланыс, т.б. салалар бойынша барлығы 1200 адам қатысты. 
Сынаққа қатысушылар белгіленген 2,5 сағат уақыт аралығында  3 тапсырма бойынша әзірленген 150 сұраққа жауап берді. Оған қатысушылардың деңгейі тест қорытындысымен анықталады.  Ал, келесі жылдан бастап тест тапсырғандар сертификат алатын болады.
Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН. 

АҚПАРАТ 09 қараша 2013 г. 938 0