Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлiмдеді. Атап өту керек, 11 қазан күні Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев индустрияландыру жобасына қатысты Үкімет мүшелеріне нақты тапсырма жүктеген болатын.
БИЛІК
09 қараша 2013 г.
9 163
0
Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев БАҚ өкілдеріне Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндай отырып, Астанада геологиялық зерттеулер орталығын құру көзделіп отырғанын жеткізді.
БИЛІК
09 қараша 2013 г.
8 877
0
Сыр өңірінде қазына қазанына құйылып жатқан қаржы негізінен тау-кен саласынан түсіп тұр. Өнім өндіруде агроөнеркәсіптің үлесі болмашы ғана. Дәлірек айтқанда, қара жердің қойны-қонышын ақтарған мұнайшы қауым облыстың қаржы қазанының 95 пайыздан астамын толықтырып отырған жағдайы бар. Қалған бөлігі өзге салалар үлесіне тиеді. Әрине, Қызылорда топырағында өндірісті өркендетуге басқа да мүмкіндіктер жетеді. Әлі кәдеге аса қоймаған тың жобалар да баршылық. Бұл игіліктер өңірдің өнеркәсіп саласының өрге басуына өз әсерін тигізетіні анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
1 707
0
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен "Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару” тақырыбындағы семинар өз жұмысын қорытындылады. Семинардан түйген ойларын ортаға салуға жиналған тыңдаушылар дәрістер мен пікірталастардың маңыздылығын атап өтті. Қорытынды шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысып, елдің саяси тұрақтылығын сақтау ұдайы бақылауда болатынын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
876
0
Баспасөз орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда сала бойынша ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар әңгімеленіп, алдағы жоспарлар таныстырылды.
АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
1 308
0
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
ҚОҒАМ
09 қараша 2013 г.
1 329
0
Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтің төрағалығымен облыстық құрылыс жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Селекторлық режимде өткен мәжіліске тиісті сала басшылары, жобалаушы ұйымдар өкілдері мен құрылыс компанияларының жетекшілері қатысты.
АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
1 081
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келелі мәселелерді кеңінен қозғаған, барымызды атап өтіп, кемшілігімізді санап көрсетіп, ендігі жерде олқылыққа жол берілмейтінін нақтылап берген Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзі қазір жұртшылықтың кең қолдауына ие болып отыр. Сол отырыста билік қолға тиді деп мемлекет қаржысын оңды-солды шашу жайын айта келіп: «Не қарап отырсыңдар, мына мемлекеттің ақшасын менен басқа санайтын адам жоқ па бұл елде?» деген еді. Іс басындағыларға қатаң ескерту жасады. Содан бері де біраз күндер өтті.
БИЛІК
09 қараша 2013 г.
1 209
0
«Сыр бойы» газетінің осы жылғы 26 қазан күні шыққан нөмірінде белгілі журналист Өтеген Жаппарханның «Ардақтылар ұлықталса екен» атты мақаласын оқи отырып, менің де қалам ұстауыма тура келді. Осы жылғы қаламыздың көркейіп, көшелердің жарығы мен тазалығына қоса әсем гүлзарлармен сәнденген сұлу ғимараттардың бой көтеруі әр қайсымызға үлкен қуаныш пен мақтаныш ұялатады.
ҚОҒАМ
09 қараша 2013 г.
1 158
0
Қазіргі таңда жергілікті соттарда қабылданып жатқан шешімдердің орындалу барысында бірқатар қиыншылықтар туындауда. Кейбір жағдайларда облыс бойынша сот актілерін орындау департаменті жауапты қызметкерлерінің сыбайластық әрекеттері сот шешімдерінің орындалуына кері әсерін тигізіп жатады.
АҚПАРАТ
09 қараша 2013 г.
1 743
0