КЕЛІСІМ КӨКЖИЕГІ

КЕЛІСІМ КӨКЖИЕГІБұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен "Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару” тақырыбындағы семинар өз жұмысын қорытындылады. Семинардан түйген ойларын ортаға салуға жиналған тыңдаушылар дәрістер мен пікірталастардың маңыздылығын атап өтті. Қорытынды шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысып, елдің саяси тұрақтылығын сақтау ұдайы бақылауда болатынын айтты. 
Семинар-тренинг бағдарламасын әзірлеуші, Президент  жанындағы мемлекеттік басқару академиясы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова мемлекеттік басқару ұйымдарына қоса, қоғамдық бірлестіктердің атқаратын  жұмысының маңызына тоқталды. Үш күндік дәріске қатысқандар өз пікірлерін ортаға салды. Тілдерді үйретуші мамандардың тапшылығы туралы мәселе көтеріліп, оны шешу жолдары ұсынылды. 
Шара соңында семинарға қатысушыларға сертификат табысталды.
М.МЕРЕЙ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 09 қараша 2013 г. 876 0