BBC арнасы Сыр бойында түсірілім жасады

BBC арнасы Сыр бойында түсірілім жасады

Наурыз айында Ұлыбританиядағы BBC арнасының эфирінен танымал Top Gear бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді. Көліктерге арналған  бұл бағдарламаның  бір бөлігі өткен жылдың соңында Қызылорда жерінде түсірілген еді. 350 миллиондық  аудиториясы бар  Top Gear бағдарламасының авторлары, продюссерлері мен  жұлдызды актерлары  Сыр елінде  бірнеше күн ауқымды түсірілім жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бауыржан Шамшатқа сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 546 0
«WorldSkills  Kazakhstan»  Ұлттық  чемпионатының аймақтық іріктеу байқауы өтті

«WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу байқауы өтті


Қызылорда облысының білім басқармасы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында  «WorldSkills  Kazakhstan» чемпионатына аймақтық іріктеу байқауын өткізді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 1 239 0
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тағайындалды

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тағайындалды

ҚР Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Дәулетбақов Мұрат Шымкентбайұлы тағайындалды. Бұл туралы аталған  департаметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 1 196 0
«Ашық есік күні» өтті

«Ашық есік күні» өтті

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қызылорда қаласындағы №4 орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушыларының және мұғалімдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 475 0
Әскерге шығарып салды

Әскерге шығарып салды

Қызылорда облысының  30 азаматы Алматы қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінеқарасты №2027 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге шығарылып салынды. Бұл туралы Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 624 0
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2017 жылдың 29 наурызында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың сақталуын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 546 0
«Кристалл менеджмент» АҚ нысанындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

«Кристалл менеджмент» АҚ нысанындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

2017 жылғы 27 наурызда «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы   филиалының №25 өрт сөндіру авриялық-құтқару бөлімі (ӨСАҚБ) жұмыскерлерінің күшімен «Ақшабұлақ» кен орнында орналасқан «Кристалл менеджмент» АҚ күзететін нысанда өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 497 0
ЭКСПО БИЛЕТТЕРІ РЕСЕЙДЕ САТЫЛУДА

ЭКСПО БИЛЕТТЕРІ РЕСЕЙДЕ САТЫЛУДА

Еліміздің өңірлері мен Ресей Федерациясының ірі қалаларында ЭКСПО-2017 халықаралық маман¬дандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады.  Өткен жылдың желтоқсан айында елордадағы «Керуен», «Хан Шатыр»,  «MEGA Park», «MEGA Центр Алматы» ойын-сауық орталықтарында және одан ертерек 15 «Меломан» сауда желісінде, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ  981 бөлімшесінде ресми түрде билет сатыла бастаған еді. Ал ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 ресми билет сату кассалары ашылды. Айта кетейік, көрменің ашылуына тура бір жыл қалғанда – 2016 жылдың 10 маусымынан бастап билеттердің онлайн-сатылымы басталған болатын. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 421 0
Сыр халқының 80 пайызға жуығы ғаламторды қолданады

Сыр халқының 80 пайызға жуығы ғаламторды қолданады

Өткен жылы Қызылорда облысында компьютерді пайдаланушылар үлесі (6 жастан жоғары) жалпы халық санының 79,7%-ын құрады, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 574 0
Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді

Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді

Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк төрінен көрінді. Бұл туралы продюсер Алпамыс Шаримов желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2017 г. 581 0