Қызылорда облысының 30 азаматы Алматы қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінеқарасты №2027 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге шығарылып салынды. Бұл туралы Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл топтағы азаматтардың ерекшелігі мұнда спортта да, әнде де бақтарын сынап жүрген өнерлі ер-азаматтар қатарымен толық.
Соның бірі 1999 жылы туылған Сырдария ауданы Амангелді ауылының тумасы Әбдіғаппар Асылхан Нұрболатұлы. Жастайынан ер жігітке тән жақсы қасиеттерді үйренуге тырысқан ол6 - сыныпты бітірген соң, қаламызда орналасқан Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі болады. Асылханның бокс үйірмесіне ынтасы артып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалардан жүлделі орындарымен оралады. Жаттықтырушы ағайларыАйдос Өмірбек пен Жарбол Орынбасарұлына және Сәбит Сейіловке алығысы зор.
Асылхан Нұрболатұлының қатарластарымен, өсіп келе жатқан інілеріне айтар тілегі: спортпен айналысыңыздар, спорттың арқасында денсаулығымнан еш кінәрат табылмай, әскер қатарына шақырылдым. Ендігі мақсатым ел алдында берген антыммен, ата-анамды ұятқа қалдырмайтындай борышымды өтеп келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылғым келеді- деді.