
2017 жылдың 29 наурызында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың сақталуын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс берілді.
Сонымен қатар, жиында Жалағаш ауданы әкімі Т. Дүйсебаев аудандағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңесте Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Б. Арысбаевтың тәртіптік ісі қаралып, нәтижесімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, кеңес отырысында Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Р. Чагайдың тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу туралы мәселесі талқыланып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес оның тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөнінде шешім қабылдады.