ҚР Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Дәулетбақов Мұрат Шымкентбайұлы тағайындалды. Бұл туралы аталған департаметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басқарма бастығы полковник Мұсаев Қанат Өмірбекұлы таныстырды.
Дәулетбахов Мұрат 26.03.1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.
Әскери қызметтегі жолдарын 1994-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Еңбекші, Әл-Фараби, Кентау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерде әртүрлі лауазымда қызмет атқарудан бастаған.
- 2002-2012 жылдары ОҚО Бәйдібек, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің бастығы;
- 2012-2013 жылдары Жамбыл облысының Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы;
- 2013-2017 жылдың наурызна дейін Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – жұмылдыру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.