6% сыйақымен 18 млн теңге несие алды

6% сыйақымен 18 млн теңге несие алды

Бастауыш кәсіпкер Құрмантаева Ұлмекен Қызылорда қаласының тұрғындарымен және қала қонақтарына сапалы қызмет көрсететін шағын әрі жайлы қонақүй ашуды армандап келді. Жоспарының жүзеге асырылу жолдары туралы ақпарат алу мақсатында кәсіпкер «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы естіді. КҚКО кеңесшісі Гүлжан Ақатаева бағдарламаның шарттарымен таныстырып қана қоймай, кәсіпкер жобасын қаржыландыруға дейін Екінші деңгейлі банкке сүйемелдеу қызметін көрсетті. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы жеке кәсіпкер Ұлмекен Құрмантаеваның жобасын мақұлдап, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6% сыйақымен 18 млн. теңге несие қаражатын бөлді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 802 0
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер біліктілігін көтерді

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер біліктілігін көтерді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Біліктілік орталығы» ЖШС-і республикамыздың барлық өңірлерінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің  тауарлы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару негіздері» тақырыбында оқыту семинарлары өткізуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 531 0
Мамандық таңдау

Мамандық таңдау

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр жұмыстары бөлімінің қызметкерлері Абылайхан атындағы колледжінің студенттері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 657 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: У Чжэньхуа,  «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС басқарушы директорының  орынбасары

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: У Чжэньхуа, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС басқарушы директорының орынбасары

– Біздің бас корпорациямыз «Гежуба Групп Цемент Ко ЛТД» компаниясы Қытайда ғана емес әлемде үздік цемент шығарушы компаниялардың тізіміне енген. Өткен жылы Қызылорда облысында меморандумға қол қойылып, бүгінде «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС өз жұмысын бастады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 477 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Қайрат Алдабергенов,  Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы,  Тамды ауданының әкімі

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Қайрат Алдабергенов, Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Тамды ауданының әкімі

– Қазақстан – жедел дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Біз тарихымыз, мәдениетіміз ортақ туыс елміз. Сондықтан көрші жатқан ағайын елдің жан-жақты дамығаны бізді қуантады. Мен алдымен форумға шақырғаны үшін облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен ұсынысты қуана-қуана қабылдадым. Себебі, бұл мемлекетті, облысты одан әрі терең тануға мүмкіндік береді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 558 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Денис Савчук,  «СельхозЛидер» ЖШС бас директоры,  Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Денис Савчук, «СельхозЛидер» ЖШС бас директоры, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

- Біздің компания негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Оның ішінде сүт өңдеу, мал сою және етті алғашқы өңдеу, нан және нан өнімдерін өңдеу шағын зауыттары жұмыс істейді. 2014 жылы құрылып, азғантай уақыт ішінде жас та болса тәжірибелі компанияға айналып үлгердік. Біз Ресейден бөлек, достастық мемлекеттерімен де байланыс орнатқанбыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 480 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Абай Бабек,  «SABZ MAHSOOL DATIS Co»  компаниясының коммерциялық  директоры, Иран

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Абай Бабек, «SABZ MAHSOOL DATIS Co» компаниясының коммерциялық директоры, Иран

– Біз Қызылорда облысымен осыдан екі жыл бұрын іскерлік байланысты бастадық. Ондағы мақсат – күріш экспортын қолға алу. Себебі, 80 млн халқы бар Иран жылына 3,5 млн тонна күріш тұтынады. Яғни, біздің елде күрішке сұраныс жоғары. Жылына 2,5 млн тонна күрішті сырттан кіргіземіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 482 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Мин Джон Сын,  Корея Республикасының Қазақстандағы  Бас консулы

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Мин Джон Сын, Корея Республикасының Қазақстандағы Бас консулы

– Бүгін осы елге келіп, мынадай маңызы зор шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, Корея мен Қазақстанның арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына биыл 25 жыл толып отыр. Осы жылдар екі ел үшін де өте табысты, сәтті жылдар болды деп ойлаймын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 454 0
ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Эртем Суат,  «Yildizlar SSS» холдингі энергетикалық тобының басшысы,  Түркия

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Эртем Суат, «Yildizlar SSS» холдингі энергетикалық тобының басшысы, Түркия

– Біздің компанияның қызметі бірқатар елдерге жақсы таныс. Компаниямыз дамыған сайын шетелдермен де байланыс орнатуды көздейміз. Осы орайда Қазақстанмен әріптестік байланыс орнатып, жұмысымызды кеңейтсек деп шештік. Қазақстан жылдан жылға дамып келе жатқан ел. Біздің ынтымақтастық туралы ұсынысымызды қабыл алғандарына ризамыз. Әсіресе, Қызылорда облысын таңдағанымызға қуанып отырмыз. Өйткені, Қызылорда облысы бізді өзінің экономикалық, әлеуметтік дамуымен, өсіп-өркендеуімен қызықтырды. Біздің компания негізінен электрмен жабдықтау және керамикалық плита шығарумен айналысады. Бүгінгі инвестициялық форумда осы салаға қатысты жұмыстарды жүргізудің жолдарын қарастырамыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 383 0
Кезекті тренинг

Кезекті тренинг

Ұжым ішіндегі моральды-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бас маман-психолог Назым Анарбекқызы «Ұжымның татулығы» тақырыбында кезекті тренинг өткізді. Бұл тренингте ТЖД-нің жеке құрамы белсенді қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 463 0