
– Біз Қызылорда облысымен осыдан екі жыл бұрын іскерлік байланысты бастадық. Ондағы мақсат – күріш экспортын қолға алу. Себебі, 80 млн халқы бар Иран жылына 3,5 млн тонна күріш тұтынады. Яғни, біздің елде күрішке сұраныс жоғары. Жылына 2,5 млн тонна күрішті сырттан кіргіземіз.
Қызылорда өңірі күріш егуден негізгі аймақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Иранмен күріш экспорты барысында нақты жұмыстар қолға алынды. Алдымен бұл жақта біздің халықтар тұтынатын күріш сорты өсе ме, шығымы қалай болады соның барлығын зерттедік. Байқағанымыздай, бастамамыз оң нәтиже беретін секілді. Жуырда ғана облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Иранда болып, бұл жұмыстар жан-жақты талқыланды. Бүгінгі форумға қатысуымыздың себебі де осы, яғни, екі ел арасында күріш экспортын жандандыру.