ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Мин Джон Сын, Корея Республикасының Қазақстандағы Бас консулы

– Бүгін осы елге келіп, мынадай маңызы зор шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, Корея мен Қазақстанның арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына биыл 25 жыл толып отыр. Осы жылдар екі ел үшін де өте табысты, сәтті жылдар болды деп ойлаймын. 
Халықаралық аренада Қазақстан мен Кореяның өзіндік орны бар. Екі ел арасында сауда байланысы едәуір артты. Сонымен бірге саяси, мәдени байланыс жақсы дамыған. Қазақстанның 18 жоғары оқу орнында корей тілі оқытылады. Соның ішінде Қызылорда облысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде корей тілінде оқытып келеді. Бұған өте қуаныштымыз. Бүгінгі инвестициялық форум екі ел арасын одан әрі жалғап, ынтымағымызды нығайта түсері сөзсіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 455 0