
– Біздің бас корпорациямыз «Гежуба Групп Цемент Ко ЛТД» компаниясы Қытайда ғана емес әлемде үздік цемент шығарушы компаниялардың тізіміне енген. Өткен жылы Қызылорда облысында меморандумға қол қойылып, бүгінде «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС өз жұмысын бастады.
Біз алдымен жылына 1 миллион тонна өнім шығаруды көздеп отырмыз. Болашақта оның көлемін 2 миллион тоннаға арттыруға жұмыс істейтін боламыз. Біздің компанияның басқа да салалармен айналысатын көптеген кәсіпорындары бар. Маркетингтік зерттеулерден соң аймақтың тау-кен өнімін өндіру ісіне атсалыссақ па дейміз. Қызылорда өңірінде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандықтан, осындай жобаны іске асырудамыз.