ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Денис Савчук, «СельхозЛидер» ЖШС бас директоры, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

- Біздің компания негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Оның ішінде сүт өңдеу, мал сою және етті алғашқы өңдеу, нан және нан өнімдерін өңдеу шағын зауыттары жұмыс істейді. 2014 жылы құрылып, азғантай уақыт ішінде жас та болса тәжірибелі компанияға айналып үлгердік. Біз Ресейден бөлек, достастық мемлекеттерімен де байланыс орнатқанбыз.
Бұл Қызылордаға бірінші келуіміз, форумға бірінші қатысуымыз емес. Осыған дейінгі алқалы жиынның бәріне дерлік қатысып жүрміз. Кезекті инвестфорумның нәтижесімен алдағы уақытта өз өнімдерімізді Қазақстанның, оның ішінде Қызылорда облысының нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз. Байқоңырға сапар барысында осы мүмкіндікті зерттеп-зерделейміз. Содан кейін сіздердің аймаққа инвестиция құйып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге кірісуіміз мүмкін.
Қызылорда – біз үшін перспективасы жоғары аймақ. Біз бұл жерде бірнеше жобамызды жүзеге асырдық. Атап айтқанда, олар – 2 мал сою және 1 сүт өңдеу зауыты. Осы орайда Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөнінен бізге үлгі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 477 0