Кезекті тренинг

Ұжым ішіндегі моральды-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бас маман-психолог Назым Анарбекқызы «Ұжымның татулығы» тақырыбында кезекті тренинг өткізді. Бұл тренингте ТЖД-нің жеке құрамы белсенді қатысты. 

Тренинг барысында «Қиындықтан өт», «Ортақ сурет», «Сенім», «Көзбен шақыру», «Себебі ...» жаттығулары орындалды. Іс-шара қатысушылардың алған әсері және әріптестері туралы бұрын білмеген қызықты жайттарды талқылаумен қорытындыланды. Топтық тренинг қызметкерлер арасындағы татулықты арттырып қана қоймай, қызықты естелік болып қалды.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Кадр жұмысы бөлімі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2017 г. 460 0