«Нашар» оқушылар қалай танымал тұлғаға айналды?

«Нашар» оқушылар қалай танымал тұлғаға айналды?

Байқасаңыз әр баланың қабілет қарымы, ақпаратты қабылдауы түрліше. Бұл олардың физиологиялық даму ерекшегіліне байланысты. Мәселен, бір сыныпта оқитын оқушылардың бірқатары берілген тапсырмаға мұқият болса, енді бірі мұғалімнің не туралы әңгіме айтқанын да ұқпайды. Ондай балалардың сабақтағы үлгерімі де нашар деп, шеттетеніміз де рас.
ЖАРНАМА 25 қыркүйек 2019 г. 1 796 0
Шаштың киесі бар

Шаштың киесі бар

 Қазіргі кезде бойжеткендердің белден төмен түсетін ұзын шашын жайып жүргеніне көз үйренді. Тіпті қырықтан асқан келіншектер мен аяғы ауыр әйелдер де шашын жаюды сәнге айналдырғандай. Бірде қоғамдық көлікте  шашын жайған аяғы ауыр келіншекке үлкен кісі ескерту жасап еді. «Сіздің не шаруаңыз бар?» деп дүрсе қоя берді. Өз үйінде анасының айтқанын тыңдамай өскен бойжеткен екені сезіліп қалды. Әйтпесе, ақ жаулықты кейуананың сөзіне қарсылық білдірмей, сол жерде шашын жинап буып алар еді.
ЖАРНАМА 25 қыркүйек 2019 г. 2 016 0
Қызғаншақтық қандай ауру?

Қызғаншақтық қандай ауру?

Пенде баласы бірін-бірі қызғанбай тұра алмайды. Кімнің болса да төңірегінде отбасын, жеке бас жетістігін көре алмайтын, тіпті сырт келбетіне қызғанышпен қарайтындар табылады.
ЖАРНАМА 24 қыркүйек 2019 г. 1 429 0
Несие несібеден  айырмасын

Несие несібеден айырмасын

«Несиесі жоқ адам бақытты» деген сөз пайда болды. Талайды несібесінен айырған сол несиенің жыры таусылар емес. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 4 триллион теңге.  Әйтеуір банк қызметіне жүгініп, өсімақымен несие алмаған азаматты табу қиын қазір. Ең қиыны, біз «қарызға» өмір сүруге әбден бой ал­дырдық. Соңғы бір жылда халықтың қа­рыз алу қарқыны 15 процентке артқан! Сайда саны, құмда ізі жоқ, біркүндік мақтан үшін, бір жайылатын дастарқан үшін, «құда-жекжаттан ұят болмас» үшін намысқа тырысып, «қарызға бататын» жағдайға да жеткенімізді жасыра алмаймыз. Үйлену тойын несиесіз өткізбейтін қазақ қалмады. Тіпті, құндыз тон, соңғы үлгідегі тұрмыстық техникалар, қалта телефонын алып, сол үшін  жылдар бойы банкке қарыз болып жүру қалыпты жағдайға айналды. Ол аз десеңіз, шетелге барып демалу мен қымбат темір тұлпар тізгіндеуді бәсекеге айналдырдық. Қысқасы, тіршілікте несиеге тіреліп тұрған түйткіл көп...
ЖАРНАМА 10 қыркүйек 2019 г. 1 092 0
Бүгінгі тойда ой бар ма?

Бүгінгі тойда ой бар ма?

 Той – халықтың қазынасы. «Той дегенде қу бас домалайды» дейтін  қазақ қазір тойдың түр-түрін жасайтын болды. Әрине, тойдың болғаны жақсы. Алайда, байдың малын шашып, барға ұқсап баққан қарапайым халықты несиеге байлап, ас та төк даңғазалықпен өтіп жатқан тойлардың тәрбиелік мәні қандай? Зер салып көрейік.
ЖАРНАМА 25 тамыз 2019 г. 1 047 0
Кезекке де кезек керек

Кезекке де кезек керек

 – Кезектің соңы кім?– Менмін, айналайын.– Ендеше сізден кейін болайын, – деп жас жігіт емхананың тіркеу бөлімінің алдындағы орындыққа, менің жаныма жайғасты. Таңғы қабылдауға асыққандардың қатары көп. Кең залды жағалай қойған орындықтың шетінен ғана орын бұйырған жас жігіттің кезегі де жақын емес еді. Осылайша кезек күтіп отырып, әңгіме бастап кеттік. – Бүгін кешке жұмысқа жүруім керек. Дәрігерлік тексеруден өту үшін келгенмін. Ұйықтап қалыппын, – деп сөзін бастады жігіт.
ЖАРНАМА 24 тамыз 2019 г. 752 0
Үш бақытым бар менің алақанда

Үш бақытым бар менің алақанда

Әлімсақтан бері адаммен бірге жасасып келе жатқан әдеп – амандасу.Алла Тағала Адам атаны жаратқан соң «Анау топқа барып сәлем бер, олардың не деп жауап қайтаратынын тыңдап көр. Бұл – сенің ұрпақтарыңның сәлемдесуі» – деген.
ЖАРНАМА 22 тамыз 2019 г. 1 718 0
Басым қатты, мамандық  таптым

Басым қатты, мамандық таптым

 Дүниеде екі нәрседен қателеспеу керек дейді. Соның бірі – мамандық таңдау. Десек те алмағайып заманда қайда, қалай, қайтіп қадам басуды білмей тұрған талапкер аз емес. Бірақ бір сөз бар, «тағдырдың жазғаны». Шынында да солай ма?!
ЖАРНАМА 18 тамыз 2019 г. 1 203 0
Шырағың өшпесін, бақытың көшпесін

Шырағың өшпесін, бақытың көшпесін

Бүгінде туған күн кешінде торттың бетіне балауыз шам жағып, оны өшіру дәстүрі кең етек алуда. Әсіресе баланың туған күнінде өз «шырағын» үрлеп өшіру мерекенің басты көрінісіне айналғандай дермісіз. Туған күн иесі неше жасқа толса, сонша шырақ торттың бетіне әсемделіп қойылады. Оны үрлеп өшірген бала да, келген қонақтар мен ата-ана да бұл рәсімге қол соғып кәдімгідей мәз. Мұндай көріністі үйлену тойларында да кездестіретін болдық. Жаңа отау құрған жастардың өз отын өздері үрлеп өшіргендері ырымға жаман саналады. Жалпы батыстың кейбір дәстүрі біздің өмірімізге қалай дендеп кеткенін білмей қалған сияқтымыз. Расында бұл қайдан келді?
ЖАРНАМА 17 тамыз 2019 г. 1 774 0
Мұсылман болды, мінекей !

Мұсылман болды, мінекей !

  Осы уақытта аула маңында немесе көшеде тобығына жететін әкесінің көйлегін киген кішкентай ер балаларды көп кездестіреміз. Бұл сүндеттеу науқаны басталғанын білдіреді. Баласының ер жетіп, мұсылман болғанын қалайтын әрбір ата-ана бұл міндетті орындауға асығатыны сөзсіз. Осындай ата-аналардың бірі қала іргесіндегі «Наурыз» саяжайының тұрғындары  Рашид Есжанов пен Арайлым Аманованың кенжесі Әбілмансұр жақында «мұсылман» болды. Әуелі әкесі мен анасы баланы психологиялық тұрғыда біраз уақыт дайындағандарын айтады.
ЖАРНАМА 13 тамыз 2019 г. 2 212 0