« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазіргі кезде бойжеткендердің белден төмен түсетін ұзын шашын жайып жүргеніне көз үйренді. Тіпті қырықтан асқан келіншектер мен аяғы ауыр әйелдер де шашын жаюды сәнге айналдырғандай. Бірде қоғамдық көлікте шашын жайған аяғы ауыр келіншекке үлкен кісі ескерту жасап еді. «Сіздің не шаруаңыз бар?» деп дүрсе қоя берді. Өз үйінде анасының айтқанын тыңдамай өскен бойжеткен екені сезіліп қалды. Әйтпесе, ақ жаулықты кейуананың сөзіне қарсылық білдірмей, сол жерде шашын жинап буып алар еді.
Әйелдің көркі болып саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам бар. Бұрынырақта аналарымыз белден асқан шашты кеспеген және оны әдемі етіп қос өрім жасап қоятын. Сондай-ақ, шашты жайып жүру де жаман ырымға баланған. Ұзын шашты орынсыз кесу үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. Ғалымдар осы тыйымның астарында ақиқаттың жатқанын анықтады. Олардың пайымдауынша, адам шашы – ғарыш энергиясын қабылдайтын «антенна». Ол өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады-мыс. Ғалымдардың сөзіне сенер болсақ, «антеннаға» шаштың сыртқы ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас келеді. Соңғы жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық – адам шашының Ян қуатына бағынатындығы. Ғарыштық сəуледен пайда болатын бұл қуат ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен ойлауды дарытатын көрінеді. Осы орайда зерттеушілер Төле би, Шəкəрім тəрізді ұлыларымыз бен кемеңгер аталарымыз шаш, сақал, мұртын əдемі етіп қоя білгендігі мен олардың бойындағы көптеген ізгі қасиеттердің арасында тығыз байланыс барын растайды. Бəрі де мүмкін. Себебі, өмір бойы қырынбаған Бетховенге замандастарының бірі ескерту жасағанда, ол: «Егер қырынсам, шығармашылық шабытым жоғалады»,– деп жауап қайтарған емес пе? Демек қазіргі ғылым адам шашы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс барын дəлелдеп отыр. Сонымен қатар ғалымдар əйелдердің шашы Инь қуатына бағынатынын айтады. Бұл қуат қыз-келіншектердің бойына жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кешірімділік тəрізді қасиеттерді дарытады екен. Олай болса, біздің аталарымыз бен əжелеріміздің қыз- келіншектерден жалаңбас жүрмеуді, мешітке орамал тартып кіруді талап етуі тегін емес. Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ерлер шашы бағынатын Ян қуатына тұнып тұр. Сондықтан да əйелдің шашы ашық болса, өзіне кереғар осы қуаттарды тез қабылдап алады. Шаш күш жинағыш қасиетке ие. Қытайдың əскери өнерді меңгерген батырлары мен жақсы-жайсаңдары туралы көркем фильмдерінде өздерінің биоэнергиясын басқара алатын монахтар барлық күш-қуатын бұрымдарына жинап, оны қару ретінде қолданады. Қазіргі ғылым оның ақиқат екенін дəлелдеп қана қоймай, шаштан əр түрлі «хабар» алуды да үйрене бастады. Оған нақты дəлел – криминалистер бір тал шашы арқылы иесінің анаша қабылдайтын, қабылдамайтынын, тағы да басқа жағдайларды анықтай алады. Адамның саусақтарының таңбалары бір-біріне ұқсамайтыны сияқты кісінің шаштарында да титімдей ұқсастық болмайды. Тек бірдей шаш бір жұмыртқалы егіздерде ғана болады екен. Шашты зерделейтін ғалымдардың кеңесі бойынша адам үлкен қиындықтарға тап болып, ұзақ уақыт күйзелуді бастан өткерсе, шашын қидырып, алдырып тастағаны жөн. Себебі, шаштың «есте сақтау» қасиеті бар көрінеді. Ол жүйкені, миды мазалап, көңіл-күйді, денсаулықты бұзуы мүмкін. Қазақ халқының қылмыс туралы ежелгі заңында шашқа қатысты арнайы баптар болғанын біреуі білсе, енді бірі хабарсыз. Бұзық ойлылар, есерлер əйелдің шашын кесетін болса, əлгі адам қатаң жазаға тартылған, үлкен айып төлеген. Ал енді əйелдер қылмыс жасаса, оларға қолданған жазаның ең ауыр түрі – шашын кесу болған. Бұл жаза сол кездегі əйелдер үшін өлім жазасына тең екен. Мұның бəрі халқымыздың əйелдердің шашын баяғы кезден-ақ қатты бағалағанын, қасиетін терең түсінгенін көрсетеді.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |