Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш рет 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекініс құрылды. Патшалық Ресейдің шенеуніктері жергілікті халықтың арасынан шыққан өте беделді, артынан елді ерте алатын, сауатты, оқыған адамдарды осы бекініс-қалалардың құрылысына кеңінен қатыстырған.
Тарих
28 наурыз 2018 г.
1 499
0
«Ақмешіт» бекінісін алуға бес қаруын сайлап келген полковник Бларамбергтің «Воспоминание» атты еңбегінде Яксарттағы жолбарыс аулау оқиғасы суреттелген.
Тарих
27 наурыз 2018 г.
1 766
0
Ерлігі көпке мәлім болғанмен, бұл күндері есімі ұмытыла бастаған ердің бірі Меңей еді.
Тарих
15 наурыз 2018 г.
1 614
0
Алты алаштың анасы болған Сыр өңірі – төрт астананы бойына сіңірген қасиетті мекен.Еліміздің тарихындағы алғашқы егіншілік мәдениеттің ірі ошағы болып табылатын , қала мәдениеті мен қорғаныс жүйесі дамыған, өзіндік жерлеу құрылыстары мен тұрыптары арқылы ерекшеленетін шірікрабат мәдениетінің жайлаған аймағы – Сырдың көне арнасы Жаңадарияның бойы. Соңғы археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы мәдениеттің төрт бекіністі елді мекенді (Шірік-рабат, Бәбіш мола, Баланды және Сеңгір там) және көп бөлігі жасанды суландыру құрылыстарымен байланысып жатқан 200-ге жуық бекініссіз ауылдардың орны анықталды. Сонымен қатар, бірнеше ондаған кесенелер, обалар мен қорымдар шірікрабат мәдениетінің куәлары болып табылады.
Тарих
14 наурыз 2018 г.
1 476
0
Республикалық «Общественное мнение» газетінің үстіміздегі жылғы №38 (402) санында белгілі жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Қазақты қазақ басқара алмайды деген кімдер еді» атты мақаласы жарияланды. Көп ұзамай белгілі азамат Қанат Жүнісов сол газетте «Арыстарға атылған оқ аз ба еді» деген тақырыппен қарсы мақала жариялады. Біз бұл орайда екі жақтың пікірлерінен үзінділер келтіре отырып, осынау нәзік тақырыпқа қатысты өз көзқарасымызды білдіруді жөн көрдік.
Тарих
13 наурыз 2018 г.
1 878
0
1852 жылғы маусым айының басында генерал В.Перовский полковник И.Бларамбергке «Арал» бекінісіне барып, сонда отряд жасақтауға және қоқандықтармен ешқандай келісімге келмей, «Ақмешіт» бекінісін талқандауға бұйрық берді. Осы жылдың 19 шілдесінде Бларамберг «Ақмешітке» жақынырақ келіп, оның шығыс жағына орналасты. Ал 20 шілдеде бекіністі алу үшін шешуші шабуыл басталды. Бекіністің сырты алынғанымен негізгі бөлігіне шамасы жетпей Бларамберг 12 тамызда «Арал» бекінісіне қайта оралды. Перовскийдің әскерлері 1853 жылдың мамыр айында Орск арқылы Орынбордан жолға шықты. Апталық демалыстан соң әскерлер «Ақмешітке» қарай бағыт алды.
Тарих
13 наурыз 2018 г.
1 586
0
Сыр өңірінен аты аңызға айналып, дүйім қазаққа танымал болған тұлғалар көп шыққан. Солардың бірі Сайдмұхаммад (азан шақырып қойған аты, ел кейін Сейітпенбет атап кеткен-Қ.Ж.) қожаның ата-бабасы бүгінгі Қызылорда облысының Жаңақорған жерінде өмір сүрген. Сейітпенбет – Абд ул Жалилбабтың (Қорасан ата) отыз төртінші ұрпағы. Қорасан атаның ұлы Хусайннан (Сұлтан Хусайн) тарайды. Сүйегі Қызылорда облысы Қармақшы ауданының «Бас Сарбұлақ» (Жаңақала ауылына жақын) деген жерінде жатыр.
Тарих
01 наурыз 2018 г.
2 298
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Тарих
16 ақпан 2018 г.
1 798
0
1917 жылдың ақпан айында патша өкiметiнiң тақтан құлап, елде республикалық саяси жүйенiң қалыптаса бастауына күллi империя халқының басым көпшiлiгi, соның ішінде қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алады. Ақпан революциясының жеңісі Ресей империясының құрамында болған барлық халықтарға бұрын болмаған көптеген ұлы демократиялық бостандықтар берді: саяси партиялар құру, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, түрлі митингілер ұйымдастыру мен манифестациялар бостандығы. Орталық езгінің құлауы Ресей империясының шет аймақтарындағы оның ішінде қазақ халқы да, ұлттық-саяси бостандыққа жетуге жол ашады деп сенді[1, 58 б].
Тарих
13 ақпан 2018 г.
1 885
0
Осыдан 93 жыл бұрын, яғни 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді.
Тарих
10 ақпан 2018 г.
2 170
0