ӘДЕБИЕТ  АЙДЫНЫНДАҒЫ  АҚ ЖЕЛКЕН

ӘДЕБИЕТ АЙДЫНЫНДАҒЫ АҚ ЖЕЛКЕН

Асылы, кең-байтақ қазақ жерінің әрбір атырабы, әрбір ауылында кие бар десек, асыра айтқандық болмас. Сонау жетпісінші жылдары Қаратерең ауылынан жиырмадан астам ұшқыш қанат қақса, Сырдың бергі бетіндегі Бөген елді мекенінен ауыз толтырып айтарлықтай 25-ке жуық қаламгер шыққанын айтсақ жеткілікті болар. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қайсар қаламгер Зейнолла Шүкіровтің ізін баса, осы ауылдың іргесіндегі «Қамау» атты кішкентай мекенде туып-өскен Сайлаубай ағамыз әдебиет көгіне ерте көтерілді. Біздің әдебиет ауылына араласуымызға, атсалысуымызға, мерзімді бәйгелерде жүлдегер атануымызға, танымал болуымызға үлес қосқан осы мектептің Жалғас Құрманов, Байбазар Жұмахметов, Тастыбай Әбдиев тәрізді ұстаздарының берік негіз қалағанын айта кеткенім – әділдік сөзі болар еді.
ТАҒЫЛЫМ 10 шілде 2018 г. 749 0

ЕСІМІ МЕН ЕҢБЕГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өткеннің өнегесін ұмытпауға, тарихтың тәлімін ұлықтауға үндейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттаумен қатар елі үшін еңбек етіп, артына үлгі болар іс қалдырған азаматтарды бүгінгі буынға үлгі етуге шақырады. Тегінде азамат қайраткер болып, аспаннан түсе қалмайды.  Көп оқып, көп ізденістің ізінде жүреді. Өз қызмет саласын бес саусақтай меңгерген, Арал ауданындағы балық шаруашылығының  үздік ұйымдастырушысы  Төлебай Орынбаев ағамыз сондай жан еді.
ТАҒЫЛЫМ 09 шілде 2018 г. 671 0

ҮЗІЛМЕГЕН ҮРДІС

Нарықтық қатынаста істің көзін тауып, нақты еңбек еткеннің бәсі жоғары. Әр адам өз бейіміне қарай өнімді әрекет етсе, тарықпайды. Әлеуеті артып, өзгелерге жұмыс тауып беруі де мүмкін. Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі ауылында тұратын Оспанхан Мұсаев әуез аспаптарын жасаумен шұғылданады. Оспанхан жасаған аспаптарды өнер иелері жоғары бағалайды.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 630 0

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ АҚТАҢГЕРІ

Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының үшінші  жаңғыруын  жариялай отырып, экономиканың жаңа драйвері ретінде қуатты агросектор құру жөніндегі перспективалық міндет-терді жүктеді. Ал ең бас­тысы, аталған бағытта жаңа мемлекеттік агро-өнеркәсіп кешенін өркендету бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 1 012 0

Елге тұтқа болған азамат

Мына өмірде азаматтық келбеті, үлгі алар адами қасиеті, шешендігі мен іскерлігі қанында бар кісілер болады. Соның бірі  – Бақытбек Әбдіқадырұлы Тәуекелов.  Бәкең маусым айында 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығады. Қазақ қадір тұтатын пайғамбар жасы ғой, сонымен қатар, талай жыл елге қызмет еткен бейнеттің зейнетке айналатын уақыты. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осы себеппен Бәкең туралы көңілдегі кең сарайдың есігін айқара ашайын, білгенімді елге айтайын деген ойға келдім.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 963 0

ӨМІРДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Қазақ отбасында әже орны ерекше әрі қадірлі. Олар – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туыстардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы ана, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта бір рулы елге ана болған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда көркем сомдалған.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 1 241 0

АТЫНА ЗАТЫ САЙ АЗАМАТ ЕДІ

Ақиық ақын Мұқағали:... Бала дәурен қайдасың сайраныңмен,Ойраныңмен, өзіңнің тайлағыңмен?Апырмау, адасып мен қайда жүргем?!Қайда кеткен құрбылар тайға мінген?!..– деп, балалық, одан кейінгі жас­өспірім және қайратың тасып, қылшылдаған, отты да, шоқ­ты да жалаң қолмен ұстай кете­тін қырқаның үстіне шыққан кезең­дердегі достарыңды аласұра ізде­генде көңілің толқып, жүрегің ел­жірей түседі.
ТАҒЫЛЫМ 28 маусым 2018 г. 956 0

ЕЛІНІҢ МӘҢГІ ЕСІНДЕ

–  Сендер мұнда оқуға келдіңдер ме, жоқ әлде, сал-серілік сайран салуға келдіңдер ме?– Енді сабақтан қолымыз бос уақытта, аздап бой жазғанда тұрған не бар?Біздің дәлелімізді Қылышбек ағамыз қаперіне де алмайды. Түксие қараған көз қарасымен-ақ еріксіз ықтырып, бөлмемізге тығады. Өз дегені болмаса, өзгенің айтқанына ыңғай таныта бермейтін «ағамыздың» айтқанын амалсыз тыңдаймыз. Айтып жатқаны, әрине, орынды. Әйтпесе, «аға» дейтіндей, бізден бар болғаны бір-ақ жас үлкендігі бар. 1948 жылдың тумасы. Бірақ еңгезердей бойы, үлкен көзілдірігі, тіпті қолтығындағы папкасы, дүңк ете қалатын Сайттым бітті, кестім үзілді» сөзі, бізден бір курс жоғары оқитындығы «аға» деуге айналдырып алып келеді.
ТАҒЫЛЫМ 28 маусым 2018 г. 656 0

КӨЗ КӨРГЕН АҚИҚАТҚА КӨҢІЛ СЕНБЕС

Әкем туралы естелік жазайын деп қанша оқталғаныммен, басқа түскен қайғының салмағынан жүрегім кеудемнен шығып кетердей тулап сала береді. Әкем бақилық болғалы ай аунаса да, көзім көрген ақиқатқа көңіл сенер емес.  «Ата-анасын ешкім арқалап жүрмейді», «өлмесе бұрынғылар қайда кетті?!» деген жұбату сөздердің адамға әл-қуат беретінін, мәнін енді түсінгендейміз. Соңғы жылдарда жабысқан дерттің қамыты мойныңа ауырлық қылғанмен, ортамызда қалқайып отырғаныңа шүкірлік ететін едік, папа... Кеселмен күресте бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүргеніңмен, өзіңе сол баяғыдай, денсаулығың мықты кездегідей арқа сүйейтінбіз... Сенің орныңды іздеткен қырық күн бұрыннан білетін ақиқатқа – ақыреттің барына, өлімнің хақтығына көзімізді жеткізе түсті.    
ТАҒЫЛЫМ 28 маусым 2018 г. 1 062 0
ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

Өткен сенбіде облыс активі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкеновті құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оның саланы дамытудағы сүбелі еңбегіне тоқталды.
ТАҒЫЛЫМ 26 маусым 2018 г. 677 0