Біздің оқушы кезімізде мектепте еңбектің мәні, еңбек озаттары туралы ұлағатты әңгімелер айтылатын. Олармен кездесулер өтетін. Аудандық газет бетінде әр ауылдағы мал мен егін шаруашылығында еңбек етіп, ерекше үлгі көрсеткен азаматтар туралы көлемді мақалалар жарияланып тұрушы еді. Содан-ақ аудандағы еңбек майталмандарының атын, кәсібін жатқа білуші едік. Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан шыққан шопан Әділбек Хайруллаев, Тұрмағанбет ауылындағы егінші Әбен Тоғызбаев, Ақтөбе ауылынан механизатор Төлеш Оспанов, Майлыөзектен диқан Шегебай Шаймерденовтерді мақтаныш көріп, есімдерін жаттап өстік. Өзіміз де іштей еңбекке тәрбиелендік.
ТАҒЫЛЫМ
15 қараша 2018 г.
1 657
0
Биыл Қазақстанның білім мен мәдениетінің, экономикасының өрлеп, өсуіне өлшеусіз үлес қосқан Т.Жүргеновтың туғанына 120 жыл толу мерейтойы елімізде аталып өтуде. Бұл мерейтой өзінің кіндік қаны тамған Сыр бойының Жалағаш ауданында ерекше үлкен дайындықпен «Алтын күз» мерекесінің аясында тойланып өтті. Аудан орталығында ұлы тұлғаларды ұлықтайтын «Тағзым алаңы» ашылып, онда «Темір наркомның» мрамордан мүсіні қойылып, халқымен қайта қауышты. Мерей тойға еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар өнер, білім, мемлекет, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан жұртшылығы қатысты. Түрлі мәдени, спорттық шаралар өткізілді. Біз соның куәсі болдық.
ТАҒЫЛЫМ
11 қараша 2018 г.
1 297
0
Газеттің апталық жоспары бекітілісімен редакция секретариатында қарбалас жұмыс басталып кеп береді. Кезекті нөмердің макет нобайын сызу, көркемдік жағын ойластыру, бастысы – салмағы мен пайым-парасатына қарай мақалаларды реттеп орналастыру мәселелері бір-бірімен жалғасып жатады. Оның үстіне, аймақта өтетін жиындар мен шараларға, семинар-кеңестерге газет тілшілерін жіберіп, дайындалған хабар-ошарларды басшылардың біріне үстінен оқытып алу секілді жауапкершілік жетіп артылады.
ТАҒЫЛЫМ
10 қараша 2018 г.
1 131
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана болған, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп атап көрсеткен еді.
ТАҒЫЛЫМ
09 қараша 2018 г.
1 528
0
Қожамберді – ғибратты ғұмыр кешкендіктен де кешелі-бүгінгі ұрпақтары қатты құрмет тұтып, қасиетті есімін еншілеген адам. Оның тағдырлы тарихын құймақұлақ, көкірегі даңғыл шежіре ағам, қазақтың белгілі журналист-жазушыларының бірі, осы батыр да бекзат бабамыз туралы бірнеше кітап тудырған Айдархан Бибасарұлының жазғандарына жүгінуден бастағаным жөн шығар.«Ата парызы, ұрпақ қарызы (ол кезде) кімге де болса бес саусақтай белгілі. Осынау дәстүрлі қасиетті түсініп ғұмыр кешкен Қожамберді батыр тағдыр талқысына талай рет түссе де, өмірін үмітіне өзек етіп, үш баласымен аумалы-төкпелі заманда өзінің қамысқұлақ теңбіл көгімен Отырар, Сауран даласын бетке алып келе жатты. Үстінде – тор шілтерлі сауыт, басында – көк дулыға, қолында – егеулі найза, көкірегі запыран құсып зар илейді. Жүрегі езіліп, алып денесі бәсең тартса да, отыздан асқан ордабұзар шағында өз ұрпақтарына сыр бермей, қыран қабағын қатулана түйіп, әлдекімдерге кіжінгендей сыңай танытады...
ТАҒЫЛЫМ
08 қараша 2018 г.
2 604
0
Мен бүгін мемлекетімізге аянбай қызмет етіп жүрген талай қайраткерлердің шыңдалу мектебі болған Абылай Айдосовқа бір үзік сөз арнағым келеді.
ТАҒЫЛЫМ
08 қараша 2018 г.
929
0
Қарашаның алғашқы жексенбісінде Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанантты кеш өтті.
ТАҒЫЛЫМ
06 қараша 2018 г.
1 256
0
Қазақтағы жырауы көп шыққан, көненің көзі – жыраулық дәстүр сақталған бірден-бір өлке қасиетті Қармақшы топырағының бір перзенті Молдаш ағай. Тектінің тұяғы екенін айтып отыратын. Шораяқтың Омар, Оспан, Достан деген үш ұрпағы болған. Омарын білмейтін қазақ жоқ. Біздің Молдаш ағай – Шораяқтың Достанының баласы. «Қармақшы», «Шарайна» деген өлеңдерінің алғашқы екі қатарын «Поэтика» деген пәннен дәріс оқығанда бізге жаздырып, әрі қарай ұйқас құрастыртатын. Өлеңін оқығанда, Қармақшы жайлы естісек те, көрмеген біз үшін жердің жәннаты сияқты болатын.
ТАҒЫЛЫМ
01 қараша 2018 г.
1 049
0
Елбасы қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге ой жүгіртуге жетелейді. Бұл орайда біз аға ұрпақтың сол дәуірдегі жасампаздық ұлағатты істерін қайта жаңғыртуды өзіміздің төл міндетіміз деп санаймыз. Олар кешегі сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында елде басшылық қызметтер атқарды. Сондай жастың бірі – киелі топырақтың төл баласы, фәни дүниеде аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған қайраткер Рабиға Шалабаева. Оның тағдыры Шығыс жұлдызы Ғанидың ғұмырымен ұқсас екенін атап өткіміз келеді.
ТАҒЫЛЫМ
25 қазан 2018 г.
1 081
0
Қазекеңнің «мал-жаның аман ба?» деп жөн сұрасатын дағдысында терең мән жатыр. Осынау сөзден барша тыныс – тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысқан ата-бабаларымыз үшін мал шаруашылығының қаншалықты маңызды екенін аңғару қиынға соқпайды. Бір қуанарлығы, ел атакәсіптен айныған жоқ.Қазекеңнің «мал-жаның аман ба?» деп жөн сұрасатын дағдысында терең мән жатыр. Осынау сөзден барша тыныс – тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысқан ата-бабаларымыз үшін мал шаруашылығының қаншалықты маңызды екенін аңғару қиынға соқпайды. Бір қуанарлығы, ел атакәсіптен айныған жоқ.
ТАҒЫЛЫМ
25 қазан 2018 г.
984
0