Дәл осындай атаумен Қызылорда қаласында облыстық мүгедектерді оңалту орталағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
РУХАНИЯТ
06 наурыз 2017 г.
857
0
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. Журналистика мен партия қызметі саласында ұзақ жыл еңбек етті. Жетпіс бес жасқа толса да ағамыз әлі күнге қаламнан қол үзген емес. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан зерделі ақын. Тәжірибелі баспагер. Әнге мәтін жазудың шебері. Оның сырлы сезімді, көркем тілді өлеңдері көңілге жылылық ұялатады.
РУХАНИЯТ
18 ақпан 2017 г.
1 784
0
Қызылордадағы «Ақмешіт» музейі көненің көзіндей болған құнды жәдігерлерге толы. Солардың ішінде қала тұрғыны Гүлнар Баяділова табыс еткен «Le Roi a Paris» сағаты мен ағаш шкаф бірден көзге түседі.
РУХАНИЯТ
30 қаңтар 2017 г.
1 033
0
Қорқыттың күй сарынын орын¬даған негізгі аспабы қазақтың қара қобызы екенін ескерсек, халқымыз үшін бұл аспап шын мәнінде қасиетті. Бір кездері қобызға деген түсініспеушілік салдарынан аспап заман көшіне ілесе алмай, ескіліктің қалдығы саналып, жоғалып кетудің алдында қалған болатын. Бірақ бүгінде ол қайта жанданып, қанатын кеңге жайды. Қобызды серік еткен жастар көбейді. Алтынай Берденова солардың қатарынан. Қоңыр үннен шабыт алып, оның тарихи мән-маңызын ішкі жан дүниесімен сезіне білетін өнерпаз облыстық филармонияның "Ақмешіт” фольклорлық ансамблінде прима-қобызшы қызметін атқарады. Қанжығасын респуб¬ликалық деңгейдегі байқаулардың жүлдесімен толықтырған Алтынаймен әңгіме скрипканың атасы саналатын қас¬тер¬лі аспаптың, қобыздың киесі жайында болды.
РУХАНИЯТ
19 қаңтар 2017 г.
2 109
0
Сыр өңіріндегі аға буын ақын-жыраулар, әншілер-күйшілер тіккен өнер туы ешқашан да төмен түсіп көрген емес. Зәу биікте желбіреген байрақ бүгінгі буын өнер иелерінің қолында желбіреп келеді. Өткен 2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ел есіне, тарих парағына таңбаланды. Сондықтан аймақта жыл бойы ұйымдастырылған мерекелік шаралардың, концерттердің барлығы да осы айтулы мерейтойға орайластырылды.
РУХАНИЯТ
31 желтоксан 2016 г.
976
0
Ұлттық нақышты, ұлттық бояуды жоғалтпауға тырысатын талғампаз әнші-термеші Үміт Медеуованың есімі елге кеңінен таныс. Ол ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық филармонияның әнші-термешісі. Дәстүрлі әншілікпен қатар, эстраданы қоса алып жүрген талант иесі ескірмейтін ескі әндерді жаңаша серпінде халыққа жеткізумен ерекшеленіп, көрермен көзайымына айналып үлгірді. Бүгінгі әңгімеміз әуелетіп ән салып, тыңдарманын тамсандырып жүрген әншімен дәстүрлі әннің төңірегінде өрбіді.
РУХАНИЯТ
31 желтоксан 2016 г.
1 239
0
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған шараға Қытай, Моңғолия, Қыр¬ғыз¬стан және республикамыздың бірқатар аймағынан келген ақындар қатысты. Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қай¬раткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізіп отырды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жи¬налған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құт¬тықтап, айтыс өнерінің маңыздылығына тоқталды.
РУХАНИЯТ
29 қараша 2016 г.
1 024
0
Қарашаның бойды қарыған қара суығы кәріне мінген шақ. Екпіні нарды құлатады дейтіндей долы жел де сәт санап күшейе түскен. Десе де, Қамбаш көлінің маңына қоныс тепкен іргелі қоныстағы қабырғалы қауым табиғаттың адуын қылығын елер емес. Тарихы тереңнен басталатын Жанназар ишан мешітінің жанына жиналған шоғырдың қарасы қалың. Үлкен де, кіші де құдды тойда жүргендей тым көңілді. Олай болатын реті де бар. Бүгін мұнда асқан ғұлама, емші, хақ жолына баулыған ұстаз ретінде көпшіліктің жадында сақталған Жанназар ишан Арланбайұлының есімімен аталатын ескі мешітке күрделі жөндеу жасалғаннан кейінгі салтанатты рәсім өткізілуде. Шараға Арал, Қазалы және өзге де аудандардан, Қызылорда мен Байқоңыр қаласынан, Ақтөбе облысынан ишан ұрпақтарының қатысуы бабаға деген баршаның алғаусыз пейілін аңғартты. Ақ кірпішпен қапталып, заманауи үлгідегі есік-терезе орнатылған ғимаратқа халықтың қаражатымен сапалы жүмыстар жүргізілді. Біздің білгеніміз, игілікті іске Өткелбай Жолмырзаев пен Жұбатыр Әбілдаев, өзге де ел ағалары септігін тигізіп, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары белгілі кәсіпкерлер Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп, Бекқали Бекбауылов қомақты үлес қосыпты.
РУХАНИЯТ
26 қараша 2016 г.
1 154
0
Белгілі жырау, ақын Көшеней Рүстембеков тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Сыр елі өткен сенбіде азғантай ғана ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған өнерпаз ұлын ұлықтады.
РУХАНИЯТ
21 қараша 2016 г.
1 577
0
Өткен ғасырдың басында Сыр өңірінде «Ноғайбай бауы» деген үлкен бақ болған деседі. Бұл өз заманында тілге шешен, әділетті би, халқына сыйлы Ноғайбай есімді адамның өз еңбегімен өсірген бауы екен. Қара қылды қақ жарған әділеттілігімен әйгілі болған Ноғайбайға болыс болуды ұсынғанда «мен елге жағымсыз болыс болғанша, көпке пайдасы тиетін мұрап болам» деп болыстықтан бас тартып, бүгінгі Шиелі ауданы жерінде су жүйесін ұйымдастырыпты.
РУХАНИЯТ
05 қараша 2016 г.
1 108
0