ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУ ӨЗЕГІ

ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУ ӨЗЕГІ

Кеше Елбасы Н.Назарбаев халыққа билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін жария етті. Президент еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе ұсынылып отырғанын атап өтті. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттік басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, байлам жасадым» деді Елбасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2017 г. 1 320 0

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин: “Тұрақты даму жаңа мүмкіндіктерге жол ашады”

Кеше ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Сапар барысында Асқар Мамин Байқоңыр қаласындағы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің құрылысын жүзеге асыру жобасының барысымен  танысты. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2017 г. 1 371 0
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КӘСІБИЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КӘСІБИЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

Елбасы арнайы Үндеуімен барша қазақстандықтарға аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынды. Бұл билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу міндетімен байланысты. Күн сайын дамып, жаңарып келе жатқан әлемде өміршең, өзінің ерекшелігімен жұмыс атқаратын саяси жүйе құру уақыт талабы екені белгілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Аталған жүйенің жұмыс істеу ұстанымын зерделеуде Елбасының ұйғарымымен арнайы құрылған жұмыс тобы жасақталып, өз есебін берді. Баяндалған реформа екі негізгі бағыттан тұрады. Оның алғашқысы, президент өкілеттілігінің әлеуметтік – экономикалық үдерістерді реттеудегі мәселелерді Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға жүктеуде болса, ал екіншісінде Парламенттің ролін күшейтіп, министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар екінші бағыт бойынша парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл процесс арқылы биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауы күшейтіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2017 г. 1 426 0
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болып, облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралады. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2017 г. 1 757 0
УНИВЕРСИАДА АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

УНИВЕРСИАДА АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2017 г. 798 0
БАРЛЫҚ САЛАДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ

БАРЛЫҚ САЛАДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ

Сенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен 2016 жылдың қорытындысына арналған облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланар алдында аймақ басшысы мәжіліске қатысушыларды Айгүл Сағымбаеваның облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде хабардар етті. А.Сағымбаеваның еңбек жолына тоқталып, жаңа қызметін абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді. Мұнан кейін облыс басшысы жалпы алғанда, былтырғы жылдың жақсы көрсеткіштерменаяқталғанын атап өтті. Барлық салаларда тұрақты даму байқалады. 2016 жылға белгіленген облыс әкімінің іс­қимыл жоспарының 70 пайыздан астамы орындалып, қалғандары 2017 жылдың іс­қимыл жоспарында жалғасын табады. 2016 жылы меморандумда көрсетілген 11 индикаторлық көрсеткіштің 9­ы орындалып, екеуі объективті себептермен орындалмады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2017 г. 4 767 0
Әбіш жазушы болмағанда геолог болар еді

Әбіш жазушы болмағанда геолог болар еді

«Болар бала – жасынан». Әбіш Кекілбаевтың әдебиетке құмарлығы мектептен басталған. «Оқуға, мектепке бармай жатып қолына кітап алды. Көп оқитын. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір болды» дегені бар еді анасының. Иә, ол Маңғыстаудың аядай ауылынан арман арқалап Алматыға аттанды. Небір саңлақтар қабілетін байқап, жігерін қайрады. Сенім ақталды. Ол ел таныған заңғар жазушыға, сұңғыла саясаткерге, қабырғалы қайраткерге айналды.  Қызылордада абыз Әбіштің қарындасы мен күйеу баласы тұрады. Дүйсен аға мен Тілектес апаға арнайы сәлем бере барып, әдебиет алыбының өмір жолы мен біз білмейтін қырлары туралы сұрадық. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2017 г. 5 718 0
Әлем асыға күткен Универсиада

Әлем асыға күткен Универсиада

Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы ха-лықаралық спорт жарыстары. 1905 жылы АҚШ-та студент жастарының алғашқы халықаралық жарысы өтті. Ал бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиа¬да деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық спорт оқиғаларының біріне айналды. Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2017 г. 1 176 0
АҢСАДЫМ ТУҒАН МЕКЕНДІ...

АҢСАДЫМ ТУҒАН МЕКЕНДІ...

Құрбыммен балалық шағымыз туралы әңгімелесіп отырмыз. Әңгіме қыза келе мен:   – Туған ауылымды аңсап жүрмін. Қашан барып, аунап-қунап қайтар екенмін, – дедім.   – Шаң топырақ, мидай даланың несін сағынасың? – Сол жазық, сары даламның өзін сағындым...
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2017 г. 1 989 0
ҰРПАҚҚА АМАНАТ ХАТТАР немесе уақыт капсулалары

ҰРПАҚҚА АМАНАТ ХАТТАР немесе уақыт капсулалары

Жаңа құрылыстарға, ғимарат қабырғасына капсулаға салынған аманат хат қалау дәстүрі бұрыннан бар. Мұны «уақыт капсуласы» деп те атайды. Бұл дәстүрдің тамыры тым тереңде – шумерлер дәуірінде жатқанға ұқсайды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2017 г. 1 770 0