Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы ха-лықаралық спорт жарыстары. 1905 жылы АҚШ-та студент жастарының алғашқы халықаралық жарысы өтті. Ал бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиа¬да деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық спорт оқиғаларының біріне айналды. Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды.
2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Осылайша, Қазақстан ТМД елде¬рінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиаданы өткізетін болды. Алматы қаласына Универсиада туын беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.
Қысқы Универсиаданың бойтұмары болып жыл¬дамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ежелгі ерікті және қайратты мекендеушісі жас Сұңқар таңдалды. Осы бойтұмарға сәйкес, Алматыдағы Уни¬вер¬сиаданың ұраны ретінде «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.
Жарыстар Алматы қаласында барлығы 8 түрлі спорттық нысанда: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешені, «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені, сондай-ақ Универсиада үшін арнайы салынған «Халық Арена» мен «Алматы Аренада» өтеді.
Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жос¬парланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаң¬ғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.
Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 57 елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде шет елден және ел өңірлерінен келген 3000-нан астам еріктілер жұмылдырылады. Сонымен қатар, шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.
Әсел БЕГМАН,
ҚазМУ-дың 4-курс студенті.