БАРЛЫҚ САЛАДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ

Сенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен 2016 жылдың қорытындысына арналған облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланар алдында аймақ басшысы мәжіліске қатысушыларды Айгүл Сағымбаеваның облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде хабардар етті. А.Сағымбаеваның еңбек жолына тоқталып, жаңа қызметін абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді.

Мұнан кейін облыс басшысы жалпы алғанда, былтырғы жылдың жақсы көрсеткіштерменаяқталғанын атап өтті. Барлық салаларда тұрақты даму байқалады. 2016 жылға белгіленген облыс әкімінің іс­қимыл жоспарының 70 пайыздан астамы орындалып, қалғандары 2017 жылдың іс­қимыл жоспарында жалғасын табады. 2016 жылы меморандумда көрсетілген 11 индикаторлық көрсеткіштің 9­ы орындалып, екеуі объективті себептермен орындалмады.

Жиында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова жыл көлемінде аймақтың әлеуметтік­экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Мұнай бағасының құлдырауына және өндіру көлемінің кемуіне қарамастан, облыс экономикалық даму деңгейіндегі оң тенденцияны сақтап қалды. Атап айтқанда, 2016 жылы өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту бойынша республика бойынша алдыңғы орынға шықтық.

БАРЛЫҚ САЛАДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫМал басы мен мал шаруашылығы өнімдерінің саны артып келеді. 2016 жылы да күріштен рекордтық өнім жиналды. Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестиция көлемі 2,3 есеге өсті. Жыл ішінде экономика саласында 11206 жұмыс орны ашылды. Оның 9873­і – тұрақты жұмыс орны. Облыстың 3 ауданы көгілдір отынға қол жеткізді, сонымен бірге Байқоңыр қаласына газ құбыры тартылды.

Облыс орталығын жерасты суларымен қамтамасыз ету жобасы аяқталды. Көлік саласының барлық көрсеткішінде дамудың оң үдерісі байқалады. Жыл бойына 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8 пайызға жоғары. Облыс бюджетінің көлемі 238,1 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 55,1 млрд теңгеге артық.

Облыс әкімі осы орайда өңір экономикасы әлі де болса, мұнай секторына тәуелді екеніне назар аударды, дегенмен әртараптандыру бағытында жасалған жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Аймақ басшысы жұмыспен қамту жөнінде бірқатар аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, дағдарыс кезеңінде бюджет қаржысын уақытылы игермеу қылмыспен пара­пар деген Қырымбек Елеуұлы бұл мәселеге өте қатаң қарау керектігін тапсырды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов энергетика және тұрғын үй­коммуналдық салаларының дамуы жайлы хабарлама жасады. Ол атап өткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жылу желілерін қайта құру бойынша 7 жоба жүзеге асырылып, жылу жүйлерінің тозуы 48 пайыздан 44 пайызға төмендеген. Республикалық және облыстық бюджет қаржысымен Арал қаласы мен Әйтеке би кентінде электр подстанцияларын жаңғырту жобалары жүзеге асырылды.

Облыс әкімі аудандар мен қала әкіміне және тиісті басқармалар басшыларына республикалық бюджет қаржысымен салынып жатқан, 2017 жылы аяқталуы тиіс нысандардың биылғы жылғы қаржыландырылуын қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, алдағы жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыруға басымдық берілетін жобалар бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ал апатты мектептердің қалған он екісінің құрылысы ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аяқталып, пайдалануға берілуі керек. Сонымен бірге, Талсуат елді мекеніндегі үш әлеуметтік нысанды газдандыру мәселесі шешімін табуы қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким индустрияландыру және кәсіпкерлікті дамыту жайында баяндады. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында жүзеге асырылған 13 жобаның 11­і жобалық қуатында жұмыс істеуге қол жеткізсе, екі жоба 50­90 пайыз көлемінде өнім шығаруда.

Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша 2016 жылы 19,1 млрд теңгенің өнімі шығарылып, 2015 жылмен салыстырған өсім көрсеткіші 30,8 пайызды құрады. Ал жалпы өңдеу өнеркәсібі өнімдеріндегі үлесі 12 пайыз болып отыр.

БАРЛЫҚ САЛАДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ БАЙҚАЛАДЫ«Бизнестің жол картасы­2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы кәсіпкерлікті қолдауға және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1,6 млрд теңге бағытталған. Атап айтқанда, жалпы құны 5,8 млрд теңге болатын 82 жобаны субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді. 21 жоба бойынша ішінара кепілдендіруге 19 млн теңге қаралды. Ауылдық жерлердегі 21 жобаны гранттық қаржыландыру бойынша 19 млн теңге қаралды. «Атамекен» ҰКП мен бірге бастау алған «Микробизнес­Қызылорда» жобасы аясында 2016 жылы 660 млн теңге қаржы бөлінсе, оның 360 млн теңгесі облыстық бюджет­ тен, 300 млн теңгесі кәсіпкерлер палатасынан келіп түсті. Барлығы 124 шағын бизнес субъектісіне несие берілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 1 млрд, облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, екінші деңгейлі банктер арқылы 48 жобаны қаржыландыруға қол жеткізілді. 2016 жылы облысқа келген туристер саны 34 мыңнан асқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артық.

Қырымбек Елеуұлы индустриялық аймақтарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті. Әкімдер осы бағытта үнемі ізденуі керек. Егер де оған өз кәсіпкерлеріміз қызықпаса, көршілес өңірлер кәсіпкерлерін тартқан дұрыс. Оларға қойылатын шарт – салықты осы жерге төлеу және жұмысқа жергілікті адамдарды алу ғана. Аралда калцийлендірілген сода зауыты жобасын жүзеге асыру бағытында жұмыстарға тез арада кіріскен абзал.

2016 жылы ауылшаруашылық саласында 79 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көлемі 7,3 пайызды құрады, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов агроөнеркәсіп кешенінің дамуы жайлы баяндамасында. Аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мақсатында өткен жылы 9,1 млрд теңге бөлінді. Бұл 2015 жыл көрсеткішімен салыстырғанда, 11 пайызға артық.

Аймақтағы мүйізді ірі қара – 8,9, жылқы – 0,8, қой – 13,1, түйе 3,2 пайызға көбейген. Ет, сүт және жұмыртқа өнімдерінің өсу көлемі байқалады. Өңірде 625 фермерлік шаруашылықты біріктірген 119 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды. Облыста өткен жылы барлығы 168,5 гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары егілген. Бұл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, 1212 гектарға артық.

Облыс басшысы күріштің рекордтық өнімі, қауынды экспортқа шығару, картоптың жаңа сортын егу секілді өткен жылғы жақсы жаңалықтарды еске салып өтті. Мемлекеттік қолдауды барынша пайдалану қажет деген облыс басшысы әкімдердің ауыл шаруашылығы басқарамасымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында пәрменді шараларға баруды тапсырды.

Жиында әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлама жасады. 2016 жылы барлығы 2380 орынға арналған 18 мектептің құрылысы жүрді. Оның 15-і апатты мектептерді жаңа оқу ғимараттарына көшірді. Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі 19,2 пайызға өсіп, 32,9 млрд теңгеге жетті. Бірқатар дерт түрінен өлім саны кеміді. Өткен жылы жалпы саны 1,8 млн көрерменді жинаған 8 мыңнан астам мәдени шаралар өткізілген. Ал тұрғындар арасында дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатындар үлесі 26,4 пайызға жетіп отыр.

Облыс әкімі осы ретте ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді дайындау жөніндегі пилоттық жоба қолдау тауып отырғанынан хабардар етті. Сонымен бірге, Елбасы тапсырмасына сай, кәсіптік білім беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігіне тоқталды. Дәрігерлік көмек сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар жалғасын таба беретін болады. Ал жаңадан құрылған жастар басқармасы маргинал жастармен жүргізілетін жұмыстарға аса мән беруі қажет.

Салық базасын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев хабарлама жасады. Ол облыста заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер саны артып отырғанын атап өтті. Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бюджетке жоспарланған 83,8 млрд теңге салықтың орнына 89,6 млрд теңге түсіп отыр. Жоспардан артық түскені 5,8 млрд теңге. Өткен жылғы облыс бюджеті 2015 жылмен салыстырғанда, 55,1 млрд теңгеге артық құрылып, 238,1 млрд теңгеге жетті. Бюджет бұрынғысынша әлеуметтік бағытын сақтап қалды. 2016 жылғы бюджеттің орындалу көлемі 99,5 пайыз болды. Игерілмей қалған қаржы көлемі 1,2 млрд теңге.

Облыс басшысы әкімдердің негізгі үш міндетіне салық базасын көбейту, жұмыссыздықты азайту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау жататынын қадап айтты. Сол себепті әкімдер салық базасын көбейту мақсатында кіріс департаментімен тығыз байланыста жұмыс жасап, бюджетке берешекті жинауға бар күшті жұмсаған дұрыс. Кімнен болса да, берешек уақытылы түсуі керек. Ешкімге кеңшілік жасауға болмайды. Сол себепті бірлескен шаралар жоспарын жасауды тапсырды.

Аймақ басшысы 2017 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспары дайындалып жатқанын мәлімдеді. Алдағы күндері облыс әкімінің халыққа дәстүрлі есеп беру жиыны өтеді.

– Ең негізгі мәселе, – қабылданған шешімдердің уақытылы және сапалы орындалуы. Ол үшін бәріміз де жұмысымызға жанашырлық және жауапкершілікпен қарауға тиіспіз, – деді обл .

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2017 г. 4 767 0