ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНЕ ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыт болып отыр. Еліміздің алға қойған үлкен  мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Елбасы  алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойды. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, алғашқы екі жаңғырту елімізді аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі дамыған елу елдің қатарына алып шықты. Әрине, ғасырлар бойы бодандықта болған, әлемдік қо¬ғамдастыққа  алғаш енген ел үшін бұл аз жетістік емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2017 г. 885 0

Көп талқысы кемел

Бүгін «Достық үйінде» облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жөніндегі заң жобасын талқылауға арналған басқосу болып өтті. Оған Қоғамдық кеңес мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов төрағалық етті.  Басқосуды ашқан Б.Досманбетов бүгінде елімізде «ҚР Конституциясында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылануда екенін атап өтті. Талқыланып жатқан Конституциядағы өзгерістер – еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі саяси реформалардың логикалық жалғасы болмақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2017 г. 798 0
«ЖАҢА ҚЫЗЫЛОРДА» ДЕПАРТАМЕНТІ СОЛ ЖАҒАЛАУДЫ ИГЕРМЕК

«ЖАҢА ҚЫЗЫЛОРДА» ДЕПАРТАМЕНТІ СОЛ ЖАҒАЛАУДЫ ИГЕРМЕК

2016 жылы 1 қаңтарда Қызылорда қаласы халқының саны 270 мың адамға жетті. Қаланың бас жоспарында көрсетілген есепті мерзімде, яғни 2025  жылға қарай тұрғындар саны 310-350 мың адамға жетеді деп болжануда. Ал болашақта 2050 жылға таман 400 мың адам болады деп күтілуде. Соған байланысты қала аумағы ұлғаюы қажет болатыны белгілі. Осы орайда келешекте дарияның сол жақ жағалауын игеру мақсатында нақты жұмыстар қолға алынуда. Атап айтқанда, 2013-2014 жылдары Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында 1532 гектар аумақ жердің инженерлі-геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, сол жақ жағалауда қала орналастыру мақсатында жобалар жасалды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2017 г. 1 419 0
ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Индустрияландыру бағдарламасы бүкіл еліміздегідей Қызылорда облысының да экономикасын әртараптандыруға үлкен серпін беруде. Бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында аймақта ауқымды істер атқарылды. Облыста инвестиция көлемі 82 миллиард теңге құрайтын 17 жоба іске асырылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2017 г. 652 0
СЫРДЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ – ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ

СЫРДЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ – ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ

Тарих үшін 25 жыл аз ғана уақыт болса да, егемен еліміз үшін еңселі кезең деңгейінде даралап айтуға дәлеліміз бар.   Дәуірлер, формация өзгергенмен, ел жүрегіндегі  егемендік, тәуелсіз мемлекет болған мақтаныш ешқашан өзгермейді. Бұл қазақ тарихында тасқа қашалған тамаша таңба болып сақталады. Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент ұғымы ұмытылмас ұлағатқа айналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2017 г. 970 0
ЕЛБАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

ЕЛБАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 588 0
УНИВЕРСИАДА ӘЛЕМ СПОРТЫНЫҢ ТАРИХЫНА ӨЗІНДІК ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

УНИВЕРСИАДА ӘЛЕМ СПОРТЫНЫҢ ТАРИХЫНА ӨЗІНДІК ІЗ ҚАЛДЫРДЫ

Алматы Универсиадасы әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды,- деді Алматыда аяқталған 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жабылу салтанатты шарасында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 826 0
ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері жыл сайын артып келеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, зейнетақы төлеуде жаңашылдықтар бар. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 958 0
ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Айбынды Арал теңізінің асау толқынында талай тарихтың тамшысы бар. Өткен ғасырдың еншісіндегі күндерге көз жіберсек, қасиетті өңір өркендеу мен тоқырауды бастан өткерді. Жағалауы көк теңізден қашықтап, кепкен табаны сорға айналды. Иә, айта берсек, қасіреттің қасиетке істегені аз емес. Бүгін ше? Теңізімен қауышқан елдегі тыныс-тіршілік қалай? Елбасының ерекше қамқорлығындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы қандай деңгейде? Біз бұл сұрақтарға өткен жылғы деректер негізінде жауап іздесек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 541 0
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкім¬дердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың 2017 жылғы 15 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы драма театрда халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 808 0